astana-view

Алматыда өткен форумда әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелері талқыланды

2014 жылғы 27 Қараша
3641 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Әлеуметтік сала және әлеуметтік серіктестік комитеті Алматыда өткен ШОБ қолдау жөніндегі І Форум аясында «Қазақстан Республикасында әлеуметтік кәсіпкерлік дамуының келешегі» панельдік сессиясын ұйымдастырды. Пікірталасқа қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерліктің Қазақстанда жеткілікті дамымағандығы жөнінде бір пікірге келді. Олар атап өткендей, «әлеуметтік кәсіпкерлік» және «әлеуметтік кәсіпкер» ұғымдары заңнамалық тұрғыдан бекітілмеген, бизнесмендердің бұл санатына мемелкеттік қолдау шаралары да жоқ.

ҰКП-да әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұсыныстар дайындау үшін жұмыс тобы құрылғанын естеріңізге сала кетейік. Ұлттық палата, бейіндік үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және әлеуметтік кәсіпкерлер Қазақстанда экономикадағы бұл сектордың болашақта құрылуы және қалыптасуы бойынша қадам-қадамдық жоспар әзірлеуде.

Панельдік сессия аясында «Қазақстанның Әлеуметтік кәсіпкерлер Альянсы» ЗТБ құрылғаны туралы жарияланды. Альянс мақсаты ҚР-да әлеуметтік кәсіпкерлікті құру және дамыту бойынша бағдарламалар дайындау және оның қызметін үйлестіру, бейіндік жобалар әзірлеу және жүзеге асыру, олардың тәжірибелік енгізілуі, қоғамның әлеуметтік-экономикалық түйткілдерін шешуге қоғамның зияткерлік, шығармашылық және іскерлік әлеуетін біріктіру болып табылады.

ҰКП кәсіпкерліктің жаңа сараланымына қоғам назарын аударта отырып, бұдан әрі де осы бағыттағы жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер