astana-view

Төралқа Төрағасы құрылыс саласын дамытудағы міндеттерді белгіледі

2014 жылғы 10 Желтоқсан
3277 просмотров

ҚР ҰКП Төралқа басшысы Тимур Құлыбаевтың төрағалығымен Құрылыс, құрылыс материалдарын өндіру және ТКШ комитетінің жұмыс жиналысы өтті.

Құрылыс саласының жұмысы жүйелік тұрғыдан қойылғанмен, түйткілдер баршылық. Олардың саны 150-ден асып кеткен. Осы түйткілдердің барлығы жыл бойы Өңірлік палаталар, қауымдастықтар мен кәсіпкерлік субъектілері ұсынған ақпарат негізінде жеке Тізілімге жалпыланды.

Комитет жұмыс жасай бастағаннан бері жобалау және құрылыс саласындағы нормативтік-құқықтық базаны тәртіпке келтірумен айналысуда. Қазірде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірге сметалық-нормативтік базаны, рұқсат ету жүйесін, бақылауды, қадағалауды және сәйкестікті бағалауды жетілдіру бойынша егжей-тегжейлі жоспарлармен 2014-2025 жылдарға арналған Құрылыс саласындағы нормативтік базаны реформалау тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар жоспары жобасын даярлап қойды. Сонымен қатар салмақты түйткілдер мемлекеттік қызметтер ұсыну, инвестициялардың кемшіліктері мен кәсіби кадрлардың, сонымен бірге жұмысшы мамандардың өткір тапшылығымен және т.б. мәселелермен байланысты болып отыр.

Құрылыс саласының Бірінші Еуразиялық Конгресі маңызды оқиға болды. Конгресс алаңында Ресей, Беларусь, Украина және алыс шетел өкілдерінің басы қосылды. Конгрестің 11 сессиясына 600-ден астам делегат қатысты. Атап өтсек, саланы реттеу, инвестициялар тарту, қала құрылысындағы тиімді ұстанымдар, құрылыс материалдары мен жабдықтар өндіру, құрылыс саласы мамандарын даярлау, жасыл құрылыс мәселелері және қоғамдық ұйымдардың даму келешегі қаралды.

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Қазақстанның Ұлттық Құрылыс Саласы Қауымдастығын құруды қолдады. Сонымен қатар ҰКП басшысы түйткілді мәселелерді күш біріктіре отырып шешу үшін құрылыс саласындағы қуатты компаниялар, қауымдастықтар мен кәсіпқойлардың осы қауымдастық құрамына енуінің маңыздылығын, оның үстіне күллі республика бойынша оның дамыған филиалдар желісін құру қажет екендігін атап өтті.

2015 жылғы Комитеттің алда тұрған қызметі мәселелеріне қатысты бірнеше бағыттар ерекшеленіп көрсетілді. Біріншіден – көлік-логистика инфрақұрылымы, индустриялық инфрақұрылым дамуына, ТКШ және сумен, жылумен  жабдықтау желілері инфрақұрылымын жетілдіруге жеке меншік бизнесті тарта отырып, Қазақстанның «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясатына қатысу. Екіншіден – құрылыс саласына инвестиция тартумен белсендірек айналысу. Үшіншіден – кәсіптік және техникалық білім беруді дамытуды жалғастыру.

Ұлттық палата Төралқасының басшысы Комитетке нақты біліктілік талаптарымен мамандықтар тізімдерін жасауды, кәсіптік стандарттарды даярлауға қосылуды тапсырды. Келесі тапсырма – индустриялық аймақтарда бизнес-инкубаторлар мен ко-воргкинг орталықтарын салу бойынша «пилотты» пысықтау. Бұл өңірлерде шағын бизнестің дамуына көмектесер еді. Сонымен қатар Комитет жоспарында  құрылыс материалдары мен ТКШ саласын дамыту мәселесін пысықтау да бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер