astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы валюталық несиелерді валюта бағамы ауысқанға дейінгі көрсеткішпен теңгеге ауыстыруды ұсынады

2014 жылғы 15 Ақпан
9397 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Үкіметтен «ҚазАгро» және «Бәйтерек» холдингтері желілері арқылы несие алған кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді сұрайды.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Үкіметтен «ҚазАгро» және «Бәйтерек» холдингтері желілері арқылы несие алған кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді сұрайды. Абылай Мырзахметов инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша кәсіпкерлерге шетелдік валютада берілген несиелердің төлемдерін доллардың теңгеге шаққандағы айырбас бағамы ауысқанға дейінгі көрсеткішпен теңгеге ауыстыруды ұсынады. « ҚазАгро» және «Бәйтерек» холдингтері желілері бойынша орта және шағын бизнеске несиелер берілетін портфельдері бар даму институттары бар. Екі холдингтің де басшыларымен сөйлестім. Қазіргі уақытта сол несиелер бойынша төлемдерді теңгенің бұрынғы бағамы бойынша төлеуді сақтап қалу бойынша жұмыстар жасаймыз», - деді Абылай Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. ҰКП басшысының айтуынша, «ҚазАгро» және «Бәйтерек» холдингтері 2013 жылды айтарлықты табысты аяқтағандықтан, оларда мұндай мүмкіндіктер бар. «Олардың мүмкіндіктері несиелерді теңге бағамы ауысқанға дейінгі көрсеткішке ауыстыруға толықтай жетерлік. Бұл қолдау көрсетудің бірден-бір шараларының бірі. Бұл шаралар инвестициялық жобалардың сәтті жүзеге асырылуына мүмкіндік жасайды», - деді Абылай Мырзахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер