astana-view

«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауының қорытындылары 25 желтоқсанда шығарылады

2014 жылғы 18 Желтоқсан
4010 просмотров

ҚР Денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, Энергетика министрлігі және Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп жетінші рет «Парыз» Республикалық бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауын өткізіп отыр. Оның қорытындылары 25 желтоқсанда Астана қаласында жасалмақшы.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев «Парыз» байқауының әлеуметтік кәсіпкерлікті дәріптеудің және бизнесмендердің осы бағыттағы қызметіне баға берудің ең маңызды алаңы екенін атап өтті. «Әлеуметтік жауапкершілік жағынан Ұлттық палатаның міндеті бизнес-климатты жақсартуда, жоғары өнімділікті инновациялық еңбекті, қазақстандық мазмұнды дамытуға инвестициялар салынуын, бизнеске сервистік қызмет көрсетуді және т.б.  қамтамасыз етуге жәрдемдесуде болып отыр. Әлеуметтік сұхбат мәнмәтінінде Ұлттық палата 2015-2017 жылдарға арналған үш жақты Әлеуметтік әріптестік бойынша Бас келісім дайындауға белсене атсалысты және ҚР Кәсіподақтар федерациясымен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды», - деді Нұржан Әлтаев.

2008 жыл мен 2014 жыл аралығында байқауға 3 304 кәсіпорын қатысқан. Жыл өткен сайын қатысушылар саны артып келеді. Егер 2008 жылы 300 компания болса, 2014 жылы олардың саны 584 құрап отыр. Жергілікті атқару органдарының деректеріне сүйенсек, 2014 жылдың басына дейін жергілікті атқару органдары мен жұмыс берушілер арасында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша (мектептер, денсаулық сақтау мекемелерін, мәдениет, спорт және әлеуметтік қорғау нысандары құрылысы, аз қамтылған азаматтарды қолдау) 64 млрд теңгеден астам сомаға шамамен 8 000 меморандум жасалған екен. 

«Парыз» байқауы екі кезеңде өтеді, алдымен үміткерлер өңірлік деңгейде іріктеліп, кейін олар республикалық байқауға қатысады.

Атақтар екі санатта беріледі:

- орта және шағын кәсіпкерлік субъекті (1,2,3 орын);

- орта және шағын кәсіпкерлік субъекті (1,2,3 орын);

Жеңімпаздар төрт номинация бойынша анықталады:

- «Ең үздік әлеуметтік-жауапкершілікті кәсіпорын»;
- «Еңбекті қорғау саласындағы ең үздік кәсіпорын»;
- «Ең үздік ұжымдық шарт»;

- «Экологияға қосқан үлесі үшін».

Байқау жеңімпаздары байқау эмблемасын осы атақ берілген соң үш жыл бойы жарнамалық мақсатта қолдану құқығына ие болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер