astana-view

ҰКП ЕАЭО Кеден кодексі туралы Шарт жобасына ұсыныстар қабылдауды жалғастырады

2014 жылғы 22 Желтоқсан
3592 просмотров

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №233 Шешімімен Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексі туралы Шарт жобасы мақұлданды.

2015 жылғы 1 наурызға дейін Еуразиялық экономикалық одақ мүше мемлекеттері Шарт жобасының мемлекетішілік келісімін жүргізіп, Еуразиялық экономикалық комиссияға оның нәтижелері туралы ақпараттандыру қажет.

Іскерлік топтар өкілдерінің ұстанымдарын даярлау үшін уақыт аз қалды, осыған орай Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мүдделі тұлғаларға Шарт жобасына ұсыныстар мен ескертулерді Кедендік әкімшілеу департаментіне мына электронды мекен-жайға жолдауды сұрап жүгінеді: a.nurmaganbetova@palata.kz.

ЕЭК Алқасы 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 233 шешімімен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер