astana-view

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанынан Бизнес мектебі ашылмақшы

2014 жылғы 24 Желтоқсан
3664 просмотров

2015 жылғы қаңтар айында Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанынан Бизнес мектебі ашылады. Бұл туралы 24 желтоқсанда өткен ҚР ҰКП Жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі кеңесінің алғашқы отырысы барысында белгілі болды. Кездесуде жұмыссыз жастарды, жоғары курс студенттерін және жас бизнесмендерді оқыту бағдарламасының жобасы таныстырылды. Ол әрекет етуші бизнес-тренингтер мен семинарлар негізінде әзірленді.

Тәжірибелі бизнесмендер жүргізіп, жетекшілік етеді деп болжанып отырған бағдарлама үш ай бойы оқытуды көздейді. Бірінші анықтаушы ай тегін болмақшы. Оған 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады деп шамаланып отыр. Бағдарлама, күтілгендей, үш кезеңнен тұрмақшы:

1) бизнес негіздеріне оқыту, вебинарлар, жергілікті қоғамдастықтар құру және келесі кезекте Бизнес мектебінің құрылуы;

2) Бизнес мектебінің бірінші кезеңінен өткен студенттерді тереңдетіп оқыту, бейінді таңдау, тренерлер консультациясы және бизнес-жобаларды бірлесіп талқылау;

3) Бизнес мектебінің бітіртуші кезеңі – бизнес-жобаларды қорғау, табысты бизнесмен-тәлімгермен жұптасып жұмыс жасау. 

Сонымен, Бизнес мектебінің түлектері толыққанды ісін бастаушы кәсіпкерге айналады. Бизнес мектебінде сонымен қатар инвесторлар іздеумен және олардың бизнесін дамыту үшін қаражат тарту нұсқаларын іріктеумен де айналысады.

«Біздің бағдарлама үш айлық курстан тұратын болады. Үш ай ішінде жас кәсіпкер, жұмыссыз немесе студент үш даму сатысы бойынша біртіндеп білім алатын болады. Бағдарламамыздың мақсаты жас бизнесмендер ағысын ұлғайту және жаңа кәсіпорындардың тұрақтылығы болып табылады. Мәселе статистика бойынша ісін бастаушы кәсіпорындардың 50%-дан  астамы бірнеше жылдан кейін жабылып қалатындығында болып отыр. Бұл қозғалыс бағытын қате таңдаудан, бизнес-жоспардың дұрыс ойластырылмауы салдарынан болады. Осы тұрғыдан көмектескіміз келеді. Оқыту соңында жас кәсіпкердің 3D-кескіннен өткен және алдыңғы қатарлы талдаушылар бағасын алған дайын бизнес-жоспарға ие болғанын қалаймыз», – деп жоспарларымен бөлісті танымал бизнес-тренер Асқар Өтепқалиев. Ол сонымен қатар жоба Астанада жетістікке жетіп жатқан жағдайда күллі Қазақстан бойынша жүзеге асырылатындығын атап өтті. 

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанынан Жастар кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі кеңес құрылғанын естеріңізге сала кетейік. ҚР ҰКП консультативтік-кеңесу органы Қазақстанда осы саланы дамыту үшін және мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар әрекеттестігін үйлестіру үшін қажет шаралар кешенін дайындау, сараптамалық бағалау және өркендетуге негізделген. Кеңес құрамына жас кәсіпкерлер, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР ҰКП, ҚР Ұлттық банкі, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі өкілдері, сондай-ақ БАҚ өкілдері кірді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер