astana-view

Үкімет, жұмысшылар және жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы Бас келісімге қол қойылды

2014 жылғы 25 Желтоқсан
4049 просмотров

2015-2017 жылдарға арналған ҚР Үкіметі, республикалық жұмысшылар және жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы Бас келісімге ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасы Әбілғазы Құсайынов және бірқатар мемлекеттік органдар мен қауымдастықтар өкілдері қол қойды. Құжаттың мақсаты – келісілген әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу және жұмысшылардың лайықты еңбек ету жағдайын қамтамасыз ету. Ұлттық палатаның ұстанымы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу саласындағы жұмыс берушілер мүддесімен ұсынылған.

«ҰКП үшін бұл тарихи күн. «ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңды қабылдап, бизнес-ұйымды шоғырландырғаннан кейін біз алғаш рет барлық жұмыс берушілерді ұсынып отырмыз. Бұл біз үшін үлкен абырой және жауапкершілік. Құжат (Бас келісім Автордың еск.) әлеуметтік әріптестік, ортақ жауапкершілік, және де, бастысы, салаларды ұжымдық-шарттық реттеу қағидалары бойынша даярланған. Барлық тараптардың сындарлы ынтымақтастығы лайықты еңбек жағдайын және жұмысшылардың да, жұмыс берушілердің де әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету үшін қажет. Қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтау мақсатында құжат аясында біз осы міндеттемелерді мойнымызға алып отырмыз. Әрбір тараптың осы Келісім ережелерін жүзеге асыру үшін бар күшін саларына сенімдімін», – деді Абылай Мырзахметов халықтың жұмыспен қамтылуы, еңбек өнімділігін арттыру, әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік әріптестікті дамыту саласындағы әлеуметтік әріптестіктің негізгі құжаты болатын Бас келісімге қол қою рәсімі барысында.

Ұлттық палата индустрияландырудың өңірлік карталарына таңылған дуалды оқытуды енгізуден, сондай-ақ кадрларды сертификаттау жүйесін қалыптастырудан және кәсіптік икемділікті дамытудан тұратын кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру бойынша міндеттемелер топтамасын ұсынғанын айта кету керек.

«Қазірде бизнес осындай келісімдерге қол қоюға мүдделі, себебі елімізде ДСҰ, ЕАЭО және басқа да ұйымдарға кіру қарсаңында бәсекеге қабілеттілік мәселесі өткірленіп тұр. Ең бастысы бәсекеге қабілеттілікті көтеру. Яғни адами капиталға мән беру. Егер қоластыңда болашағына сенімді жақсы мамандар жұмыс жасаса, онда бизнесің бәсекеге қабілетті бола түседі. Қазақстандық бизнес адами капиталға жанын салу жолында қадам жасауға әзір», – деп атап өтті жұмыс берушілердің жұмысшылар кәсіби деңгейі мен біліктілігін көтеруге мүдделілігін ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер