astana-view

Қазақстанның Президенті ең үздік кәсіпкерлерді марапаттады

2014 жылғы 25 Желтоқсан
4841 просмотров

Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы, «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауы және «Қазақстанның ең үздік тауары» байқау-көрмесі жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

«Алтын сапа» сыйлығын тағайындаған күннен бері бар-жоғы 9 жыл өтсе де, байқауға қатысушылар саны 6 есе көбейіп отыр. 52-ден 300-ге жетіп қалған. Бүгін ұлттық байқаулардың барлық жеңімпаздары мен қатысушылары: құрылысшылар, жаңа кәсіпорындардың еңбек ұжымдары – мен үнемі тілге тиек етіп отыратын Еңбек қоғамының тыңнан жол салушылары. Барлық қатысушыларды, қазақстандық экономиканың барлық еңбеккерлерін еңбектегі жемістерімен, осындай қиын уақытта өндірістегі еңбектеріңіздің жоғары бағалануымен шын жүрегімнен құттықтаймын», – деп атап өтті Елбасы.

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын «Өндірістік нысанадағы ең үздік кәсіпорын» номинациясында ірі кәсіпкерлік саласында «АЗМК» ЖШС (Алматы қаласы) иеленсе, орта кәсіпкерлік саласында – «АВЗ» ЖШС (Алматы облысы) және шағын кәсіпкерлікте – «АЛКОН+» фирмасы» ЖШС (Астана қаласы). «Халыққа арналған тауар шығарушы ең үздік кәсіпорын» номинациясында – «РЗА» АҚ (Қызылорда облысы), «МедАспапОптика» ЖШС (Алматы қаласы) және «Био Тау Жер» ЖШС (Алматы облысы). «Қызмет көрсетуші ең үздік кәсіпорын» номинациясында – «Глобалинк Транспортэйшн энд Лоджистикс Ворлдвайд» ЖШС (Алматы қаласы), «Ақ Бидай-Терминал» АҚ (Маңғыстау облысы) және «Достық» Сауда-өндірістік кооперативі ЖШС (Қарағанды облысы).

Елбасының «Алтын сапа» арнайы сыйлықтары «2014 жылғы ең үздік индустриялық жоба» және «2014 жылғы өндірістегі ең үздік инновациялар» санаттарында жыл қорытындысы бойынша индустрияландырудағы көшбасшы «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС (Ақтөбе облысы) және инновациядағы көшбасшы «ПОСУК Титаниум» ЖШС (POSUK Titanium) (Шығыс-Қазақстан облысы) табысталды.

2006 жылы жарияланған «Алтын сапа» сыйлығы отандық өндіріске қосқан үлес пен инновациялық қызмет үшін табысталады және жеңімпаздардың бұдан әрі дами түсуін ынталандыруға бағытталған.

«Қазақстанның ең үздік тауары» республикалық байқау-көрмесіне 153 кәсіпорын мен жеке кәсіпкерлер қатысты. Байқау қорытындысы бойынша «Өндірістік нысанадағы ең үздік тауарлар» номинациясында «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ (Алматы қаласы), «Павлодар машина жасау зауыты» АҚ (Павлодар облысы), «Жамбыл цемент өндірістік копаниясы» ЖШС (Жамбыл облысы) дипломант атанды; «Халыққа арналған ең үздік тауарлар» номинациясында –  «Левин В.Д. ЖК» (Солтүстік-Қазақстан облысы), «Бал Текстиль» ЖШС (Оңтүстік-Қазақстан облысы), «БЛЭК» ЖШС (Ақмола облысы); «Ең үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша – «Зерде-Фито» ЖШС (Оңтүстік-Қазақстан облысы), «КЭММИ GROUP» ЖШС (Павлодар облысы), «Агрофирма «Диевская» ЖШС (Қостанай облысы). Әрбір номинацияда үш дипломанттан — I, II және III дәрежедегі.

2014 жылғы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша байқау жеңімпаздары:

ҚР Президентінен «Гран-при» Қызылорда облысындағы «Қазгермұнай» БК» ЖШС-ға бұйырды.

«Ең үздік әлеуметтік-жауапкершілікті кәсіпорын» номинациясында ірі кәсіпкерлік субъектілерінің арасында Қостанай облысынан «Варваринское» АҚ жеңіске жетті. Орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің арасында – ШҚО-дан «Зайсан-Нұр-Сервис» ЖШС.

«Еңбекті қорғау саласындағы ең үздік кәсіпорын» номинациясында ірі кәсіпкерлік субъектілерінің арасында ШҚО-дан «Азия Авто» АҚ жеңіске жетті. Орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің арасында – Атырау облысының «Сазанқұрақ» ЖШС.

«Ең үздік ұжымдық шарт» номинациясында ірі кәсіпкерлік субъектілерінің арасында Атырау облысынан «Ембімұнайгаз» АҚ жеңімпаз атанды. Орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің арасында  – БҚО-дан «Жайық Жарығы» ЖШС.

«Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында ірі кәсіпкерлік субъектілерінің арасында Қостанай облысынан «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ жеңіп шықты. Орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің арасында – СҚО-дан «Ахмутдинов» ЖК.

«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі байқауы 2008 жылы бастау алған болатын. Байқауды жүргізудің мақсаты өз жұмыскерлері үшін де, жалпы қоғам үшін де, жеке кәсіпкерлік субъектілерін әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру болып табылады.

Елбасының Жарлығына сәйкес, 2015 жылдан «Алтын сапа» және  «Қазақстанның ең үздік тауары» байқауларын ұйымдастырумен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы айналыса бастайтындығын естеріңізге сала кетейік.

Сонымен бірге, телекөпір барысында Елбасы Индустрияландыру картасының жаңа 15 жобасын пайдалануға берді:

1. «Посук Титаниум» ЖШС. Титан құймалар мен слябтар өндіру бойынша зауыт. ШҚО
2. «АК «Алтыналмас» АҚ. Алтын шығару фабрикасы. Қарағанды облысы
3. Ақтөбе рельс-арқалық зауыты
4. Орал трансформатор зауыты (электр-техникалық өнім өндірісі)
5. Батыс Еуропа – Батыс Қытай Халықаралық транзиттік дәліз: Сырдария өзені арқылы өтетін 220 метрлік көпірді пайдалануға беру. Бір жыл ішінде ғана БЕ-БҚ автомагистралінің 157 км іске қосылған
6. «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ портының пайдалануға берілуі. Алматы облысы
7. «АСКИ-Маңғыстау» ЖШС мұнай және мұнай өнімдерін сақтау бойынша терминал
8. Степногорск күкірт қышқылын өндіру жөніндегі зауыты
9. Жамбыл облысында қуаттылығы 21 МВт болатын жел электр станциясы құрылысының 1 кезеңінің аяқталуы (9 МВт)
10. Мата өндіру. «Сәуле» тігін-тоқыма фабрикасы» ЖШС, Алматы
11. «Назар Текстиль» ЖШС. «Оңтүстік» АЭА-да белгиялық технология бойынша кілем өнімдерін өндіру
12. «Нефтехим LTD Компаниясы» ЖШС ұнтақтық полипропиленді ұсақтау цехы, Павлодар
13. Хош иісті көмірсутектер өндіру бойынша кешен
14. «ӘулиеГолдМайнинг» ЖШС Алтын шығару фабрикасы, СҚО
15. «Астық Логистик» ЖШС «А» тобындағы қойма кешені, Астана.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер