astana-view

2015 жылға арналған экономикалық саясаттың негізгі бағыттары туралы Үкімет пен ҚР Ұлттық Банкі жасаған мәлімдемеге қатысты

2014 жылғы 26 Желтоқсан
4328 просмотров

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкімет пен ҚР Ұлттық Банкінің 2015 жылға арналған экономикалық саясатының негізгі бағыттары туралы жасаған бірлескен мәлімдемесін құптайды. Соның ішінде, қаржылық реттеушінің екінші деңгейлі банктер үшін қайта қаржыландыру мөлшерлемесін сақтау және өтімділікке қолжетімділікті кеңейту бойынша шаралар кешенін қолдану туралы шешімін. Бұл шаралар жағымсыз тенденцияларға қарсы әрекет ету мақсатында кәсіпкерлік субъектілері үшін қолайлы пайыздық мөлшерлемелер бойынша кредиттік қаражаттың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қаржы жүйесінің негізгі міндеттерін жүзеге асыруға септесетін болады.

Сонымен бірге, ресейлік рубльге қатысты теңгенің салмақты нығаюы Қазақстан экономикасы өндірістік секторларының ахуалына жағымсыз әсер етуде. ҚР Үкіметі қазірде экономикалық өсімнің төмендеуіне жол бермеу бойынша шаралар дайындауда. Осыған орай ҚР ҰКП ЕАЭО келісімдерімен жол берілетін уақытша сауда шектеулерін енгізу көмегімен ішкі нарықты қорғау қажет деп есептейді. Осы шараларға қосымша Ұлттық палата өңдеу секторы, ең алдымен, ауыл шаруашылық және тамақ өнеркәсібінде жұмыс жасайтын кәсіпорындарды нүктелік субсидиялауды жүзеге асыруды ұсынады.  

Ұлттық палата отандық экономиканың импортқа тәуелділігін төмендету үшін, өнеркәсіпті дамытудың қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларының аясында, ең алдымен азық-түлік себеті тізбесіне кіретін тауар жайғасымдары бойынша импорттың орнын толыту жөніндегі кешенді жоспар даярлаудың және енгізудің уақыты келді деп есептейді. Жоспарды іске қосу қазақстандық экономиканы дедолларлауға қатысты Елбасымыз алға қойған мінгдетті орындауға сәйкес келетін болады.

Контрциклды шаралар кешеніне мыналарды қосу маңызды деп санаймыз:

– отандық тауар өндірушілерге тапсырыстың ұлғайтылуы және мемлекеттік органдар мен мемлекеттік сыңайлы сектор сатып алуларындағы ШОБ үлесін арттыру;

– индустриялық сертификаттар институтын енгізу жолымен отандық тауар өндірушілерді қолдаудың тиімділігін арттыру, ол өндірістік қуаттылығын ескере отырып тауардың белгілі бір көлемін өндіруге қабілетті отандық тауар өндірушінің мәртебесін растайтын болады;

– отандық бәсекеге қабілетті өнім импортының орнын толтыруға бағытталған барлық жобаларға инвестициялық субсидиялау бағдарламасын кеңейту;

– жеңілдікті жағдайларда кредиттеу бағдарламасын жалғастыру және кеңейту, сонымен бірге шетелдік валютада берілген қарыздарды теңгемен қайта қаржыландыру.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер