astana-view

Еуразиялық экономикалық одақ қызметтерінің бірыңғай нарығы 43 секторда қызмет жасай бастады

2015 жылғы 06 Қаңтар
3793 просмотров

2014 жылғы 23 желтоқсанда мемлекет басшылары деңгейінде өткен Жоғары Еуразиялық кеңес отырысында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы бірыңғай нарықтар қызмет жасайтын Қызмет көрсететін секторлар (кіші секторлар) тізбесі бекітілді.

ЕАЭО мүше мемлекеттері кәсіпкерлеріне 43 секторда қызмет жеткізу және алу үшін ең жоғары деңгейдегі бостандық ұсынылып отыр. Бизнесмендер заңды тұлғаны қосымша құрусыз жұмыс жасай алады, сонымен қатар лицензияларды, рұқсаттар мен біліктілікті өзара тануға құқық алады.

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай қызметтер нарығының (Бұдан әрі – БҚН) ережелері төменде көрсетілген секторларда әрекет ете бастады:

- 22 қызмет секторы – Одаққа мүше  үш мемлекет үшін (ауыл және орман шаруашылығы салсындағы қызметтер; операторсыз машиналар мен жабдықтарды жалға алу; салық салу саласындағы қызметтер, басқару мәселелері бойынша консультациялық қызметтер; бағдарламалық қызметтер дайындау бойынша қызметтер, деректерді өңдеу бойынша қызметтер, аударма қызметтері және басқалары)

- 6 қызмет секторы – Қазақстан Республикасы үшін (өтпелі кезеңді ескере отырып 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап (көтерме және бөлшек сауда саласындағы қызметтер; франчайзингтік қызметтер; қонақ үй және қоғамдық тамақтану кәсіпорындары қызметтері және басқалары), яғни 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін БҚН ережелері тек Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы үшін қолданылатын болады;

- 15 қызмет секторы – тек Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы үшін (құрылыс қызметтері; инженерлік саладағы қызметтер; қоймалар және пакгауздар қызметтері; автожол көлігіне арналған жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу және басқалары).

Ұлттық палата Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа қол қойылған сәттен бастап БҚН секторлары тізбелерін әзірлеуге белсене қатысты.

ҚР ҰКП бастамасы бойынша біршама сезімтал сектор ретінде көтерме және бөлшек саудаға арналып Қазақстан үшін 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін өтпелі кезең көзделді. ҚР құрылыс қызметтері секторы үшін 2025 жылдан кешіктірілмейтін ырықтандыру мерзімі орнатылды.

Сонымен қатар 1 қаңтардан бастап ҚР азаматтарын Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы жеке кәсіпкерлері ретінде тіркеуге шектеу алынып тасталды. Сонымен бірге Ресей мен Беларусьтің тұрақты мекендейтін азаматтары да Қазақстанда ЖК ретінде тіркеле алады. Елімізде бизнес жүргізудің салыстырмалы түрдегі біршама жағымды жағдайларын ескере отырғанда, мұндай шектеуді алып тастау іскерлік белсенділіктің өсуі мен Қазақстанға қосымша инвестициялар тартуды қамтамасыз етуге септеседі.

2015 жылы БҚН секторлары тізбесін кезең-кезеңмен және келісілген кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасын таппақшы. Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысында ЕАЭО аясында БҚН қалыптастыру ырықтандыру жоспарларына сәйкес (өтпелі кезең бойында) жүзеге асырылатын тізім бекітіледі деп жоспарлануда. Болашақта бұл секторлар үшін ырықтандыру жоспарлары («жол карталары») әзірленіп, олардың Бірыңғай қызметтер нарығына кезең-кезеңмен көшуі жүзеге асырылатын болады.

 

ЕАЭО аясында бірыңғай қызметтер нарығы қызмет жасайтын Қызметтер секторларының (кіші секторларының) тізбесімен мына жерде танысуға болады.

ЕАЭО аясындағы шектеулер, алу, қосымша талаптар мен шарттардың жеке ұлттық тізбелерімен мына жерде танысуға болады.

 

Анықтама үшін:

ЕАЭО туралы Шарттың «Қызметтер саудасы, инвестициялар құру, қызметі және оларды жүзеге асыру» XV бөлімі және «Қызметтер саудасы, инвестициялар құру, қызметі және оларды жүзеге асыру туралы хаттама» №16 Хаттамасы Бірыңғай қызметтер нарығының қалыптасуын көздейді.

Бірыңғай қызметтер нарығы – нақты бір қызметтер секторының аясындағы қызметтер нарығының жай-күйі, оның аясында әрбір мүше-мемлекет кез-келген мүше мемлекеттің қызметтерді жеткізушілеріне мынадай құқық береді:

1) ұлттық тәртіп және ең көп қолайлы жағдай тәртібі жағдайында қызметтерді жеткізу және алу;

2) заңды тұлға түріндегі қосымша мекемесіз филиал көмегімен қызметтер жеткізу;

3) өз мүше мемлекетінің аумағында осындай қызметтер жеткізуші алған қызметтерді жеткізуге рұқсат негізінде филиал көмегімен қызметтерді жеткізу;

4) қызметтерді жеткізуші қызметкерінің кәсіби біліктілігін тануға.

ЕАЭО туралы Шартты жүзеге асыру аясында Жоғарғы Еуразиялық экономикалық Кеңес  3 тізбені бекітуге тиіс:

1)  2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай қызметтер нарығы қызмет жасай бастаған секторлар (кіші секторлар) тізбесі (бекітілген);

2) ырықтандыру жоспарына сәйкес бірыңғай қызметтер нарығының қалыптасуы жүзеге асырылатын қызметтер секторларының (кіші секторларының) тізбесі (өтпелі кезең бойында) (2015 жылы бекітіледі);

3) шектеулер, алулар, қосымша талаптар мен шарттардың жеке ұлттық тізбелері (бекітілген).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер