astana-view

«КАТЭКС» қауымдастығы ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына алғыс білдірді

2015 жылғы 05 Қаңтар
3769 просмотров

Қазақстандық сауда компаниялары мен электр-тұрмыстық, компьютерлік техника және күрделі техникалық жүйелер тауар өндірушілерінің «КАТЭКС» қауымдастығы өз мүшелерінің атынан ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атына «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын даярлау аясында жасаған табысты жұмысы үшін ризашылығын білдіріп алғыс хат жолдады.

«ҚР ҰКП Кедендік әкімшілеу департаментінің 2013 жылғы қараша айынан бері жүргізген жоспарлы әрекетін ерекше атап өткіміз келеді, осының арқасында біздің Қауымдастықтың ұсыныстары «ҚР кедендік іс туралы» № 296-IV 2010 жылғы 30 маусымдағы ҚР кодексі, «Темір жол көлігі туралы» № 266-II  2001 жылғы 8 желтоқсандағы ҚР Заңы сияқты заңнамалық актілерге және басқа да нормативтік актілерге енгізілді», - делінген хатта.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер