astana-view

ҚР ҰКП импорттың орнын алмастыру бойынша кешенді жоспарды енгізудің уақыты келді деген ойда

2015 жылғы 14 Қаңтар
3385 просмотров

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы импорттың орнын алмастыру бойынша кешенді жоспарды даярлап, енгізетін уақыты келді деп есептейді. Бұл туралы бүгін, 14 желтоқсанда Астанада өткен брифинг барысында ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді. Ұлттық палатаның пайымынша, болжамды жоспар, бірінші кезекте азық-түлік себеті тізіміне кіретін тауарлық ұстанымдар бойынша өнеркәсіпті дамытудың қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалары аясында болуға тиіс. Абылай Мырзахметовтың ойынша, контрциклдік шаралар кешешіне отандық тауар өндірушілерге тапсырыстарды ұлғатуды және мемлекеттік органдар мен мемлекеттік сыңайлы сектор сатып алуларындағы ШОБ үлесін көтеруді; өндірістің қуаттылығын ескере отырып тауардың белгілі бір көлемін өндіруге қабілетті отандық тауар өндірушінің мәртебесін растайтын индустриялық сертификаттар институтын енгізу жолымен отандық тауар өндірушілерді қолдау тиімділігін көтеруді; отандық бәсекеге қабілетті  өніммен импортты алмастыруға бағытталған барлық жобаларға инвестициялық субсидиялау бағдарламаларын кеңейтуді; жеңілдіктік шарттардағы кредиттеу бағдарламаларын, сонымен бірге шетелдік валютамен берілген қарыздарды теңгемен қайта қаржыландыруды жалғастыруды және кеңейтуді енгізу маңызды.

«Елімізде тауарларды барынша көп өндіру қажет және олардың осында негізгі тұтынылуын қамтамасыз ету керек. Елбасы да осылай дейді. Mercedes немесе Siemens-ті мұнда шығарудың мәні жоқ, алайда азық-түлік тауарларын шығару қажет. Халық табысының 71%-ын азық-түлік себетінің 19 жайғасымына жұмсайды бұл тұрмыстық, коммуналдық қызметтер, азық-түлік және киім. Олар бойынша 42% импортты құрайды. Бұл бағытта импортты алмастыруды жүргізу қажет», – деп түсіндіріп кетті ҰКП ұстанымын Абылай Мырзахметов.

Ресейлік рубль бағамының әлсіреуі салдарынан қазірде ЕАЭО-да қалыптасқан бизнес жүргізудің тең емес шарттарында отандық нарық қорғаудың бекітілген шараларына зәру, деген ойда ҰКП. Басқарма Төрағасы хабарлағандай, Ұлттық палата кәсіпкерлерден жекелеген компаниялар мен салалардың бәсекеге қабілеттілігі төмендегені жайлы ақпарат алады.  

Абылай Мырзахметов индустриялық сертификаттар енгізу туралы ұсынысқа егжей-тегжейлі тоқтала отырып, олардың қолданыстағы СТ-KZ-ке жақсы балама  болатындығын хабарлады. Оның үстіне олар жақында жойылады және соңғы кездері сараптама процедурасының ашық болмауы байқалуда. «Ұсынылып отырған  механизм – бұл өндірісті комиссиялық тексеру. Онда аудит, мысалы, цех жабдықтарын және т.б., нақты тексереді. Сонда біз қанша өндіріс, кәсіпорын бар екенін және олардың жағдайын анық білетін боламыз. Сонымен қатар индустриялық сертификаттың болуы басымдылықты тапсырыстар беру мүмкіндігін бере алады», – деді ол.

Ұлттық палата Басқарма басшысының ойынша, отандық өндірушілермен ұзақ мерзімдік келісім-шарттар кәсіпкерлерді сапалы өнім шығаруға ынталандырар еді. «Сұранысты, сөзсіз, елдің ішіне бағыттау қажет. Ол үшін нормативтерді пысықтап, өнім сапасы үшін жауапкершілік беру қажет», – деп нақтылады Абылай Мырзахметов.

Бүгін, 2015 жылғы 14 қаңтарда ҚР ҰКП орталық аппаратында Басқарма Төрағасының брифингі өткенін естеріңізге сала кетейік. Брифинг барысында ресейлік валюта әлсіреген жағдайда ішкі нарықты қорғауға қатысты Ұлттық палатаның ұсыныстары түсіндірілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер