astana-view

Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен өтетін санкциялық тауарларға арналған өткізу бекеттерінің тізімі

2015 жылғы 15 Қаңтар
4214 просмотров

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2014 жылғы 30 қарашадан бастап қазақстандық алушылар мекен-жайлары мен үшінші елдерге бара жатқан, Ресейде эмбаргоға ұшыраған тауарларды әкелу, РФ аумағы бойынша осыдан кейінгі транзит үшін Кеден одағының сыртқы шекарасының ресейлік телімінде орналасқан өткізу бекеттері арқылы ғана рұқсат етілетінін хабарлайды: «Ивангррод» КАӨБ, «Бурачки» КАӨБ, «Торфяновка» КАБ, «Троебортное» КАӨБ, «Шумилкино» КАӨБ, «Пыталово» КАӨБ, «Скангали» ТЖӨБ, «Валуйки» ТЖӨБ және «Суземка» ТЖӨБ және ресейлік порттар.

Назар аударыңыздар: мұндай тауарларды Қазақстан Республикасына тасымалдау КО сыртқы шекарасындағы ресейлік өткізу бекеттерін көрсетумен ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті берген рұқсаттар бойынша жүзеге асырылуға тиіс, ал үшінші елдер үшін  транзит Ресей ауыл шаруашылық қадағалау рұқсаттары бойынша жүзеге асырылуға тиіс.

Өткізу бекеттерінде көлік жағдайының күрделенуіне жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы алушылары және басқаларының мекен-жайларына жөнелту (тиеу) елдерінен қозғалмалы составтың жөнелтілгеніне дейін темір жол көлік компанияларын бақылаудағы тауарларды әкелуге үшінші елдер үшін транзитке Ресей ауыл шаруашылық қадағалау және ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті рұқсатының болуы мәніне аталмыш өткізу бекеттерінде ветеринарлық бақылау бөлімшелерімен жүктерді жөнелтуді келісу қажеттігі туралы ақпараттандыру қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін ҚР ҰКП Кедендік әкімшілеу департаментіне мына телефонға хабарласуды сұраймыз: 8 7172 919 341.

РФ Үкіметінің 2014 жылғы 7 тамыздағы №778 Қаулысымен егжей-тегжейлі мына жерде танысуға болады.

РФ Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы №560 Жарлығымен егжей-тегжейлі мына жерде танысуға болады.

Ресей ауыл шаруашылық қадағалау хатымен егжей-тегжейлі мына жерде танысуға болады.

Федералдық кеден қызметінің хатымен егжей-тегжейлі мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер