astana-view

Тараптар мамандардың кәсіби деңгейін бағалауға қатысуды талқылауда

2015 жылғы 15 Қаңтар
4583 просмотров

ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаменті 15 қаңтарда салалық қауымдастықтардың колледж бітірушілерінің кәсіптік даярлығы мен мамандарды сертификаттау деңгейін бағалауға қатысуы мәселесін жан-жақты талқылауды ұйымдастырды. Бейнеконференция тәртібінде өткен пікірталасқа сонымен қатар Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары Кәсіпкерлер палаталары да қатысты. «KazEnergy», ТМКҚ, Қазақстан туристік қауымдастығы, Қазақстан қонақ үйлер және мейрамханалар қауымдастығы, ҚТҚ жанындағы Қонақжайлылық индустриясы сертификаттау орталығы, ҚР Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны қауымдастығы, ҚР Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар қауымдастығы, Қазақстанның Тамақ кәсіпорындары одағы, Қазақстанның Құрылысшылар қауымдастығы, «KAZLOGISTICS» Қазақстанның Көлікшілер одағы, Алматы қаласы Жекеменшік колледждер қауымдастығы және басқалары, соныме қатар Республикалық ғылыми-әдістемелік техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілік беру орталығы, «Кәсіпқор» холдингі мен «Кәсіби» қоры өкілдері пікірлерін ортаға салды.

Іс-шара мақсаты экономика салаларындағы сертификаттау жүйесінің қалыптасуы және салалық қауымдастықтардың колледж түлектерін сертификаттауға қатысуы бойынша барлық пікірлер мен ұсыныстарды шоғырландыру. Колледж бітірушілерінің кәсіби даярлығын бағалауға салалық қауымдастықтар қатысуына қойылатын шарттар мен талаптар, жұмыс берушілердің салалық қауымдастықтары жанындағы қызметкерлерді сертификаттау бойынша органдар құру мәселелері талқыланды.

Кездесу нәтижелері бойынша мынадай ұсыныстар ұсыныстар жасалды:

– РҒӘО АҚ жүргізетін түлектердің кәсіби деңгейін бағалауға жекелеген салалық қауымдастықтардың қатысуын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспаррын жасау;

–түлектердің кәсіптік даярлығы деңгейін бағалау процедурасын теоиялық білімдерден кәсіптік құзыреттіліктерге қайта бағдарлау;

– Алматы қаласында РҒӘО АҚ басшылығының салалық қауымдастықтар өкілдерімен жұмыс жиналысын өткізу;

– колледждің барлық түлектерін сертификаттаудың мақсаттылығына талдау жүргізу;

– салалық қауымдастықтар сарапшылары, ҰКП салалық комитеттері хатшылықтары, ҰКП адами капиталды дамыту департаменті сарапшылары үшін «Қызметкерлерді сертификаттау бойынша салалық органдар құру және ұйымдастыру» тақырыбы бойынша Қазақстандық Бұзбай бақылау және техникалық диагностика қауымдастығы сарапшыларымен 1 күндік оқу курсын өткізу.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер