astana-view

Рүстем Жүрсінов ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды

2015 жылғы 21 Қаңтар
4132 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасы 2015 жылғы 20 қаңтардағы шешімімен Рүстем Жүрсінов Басқарма мүшесі, ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ол бүгін, 2015 жылғы 21 қаңтарда міндетін атқаруға кірісті.

Рүстем Манарбекұлы Жүрсінов 1976 жылы 16 ақпанда Өскемен қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін (заңгер), 2000 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын (экономист), 2013 жылы «СКОЛКОВО» Мәскеу басқару мектебін (Executive MBA) аяқтаған.

Әр жылдары ҚР Мемлекеттік табыс министрлігі Заң департаменті директорының орынбасары, «GRATA» заңгерлік фирмасының серіктесі, «КМГ-Консалтинг» ЖШС бас директоры, «ҚазМұнайГаз» Барлау және өндіру» АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры, «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ Заң департаменті директоры (Басқарма мүшесі) лауазымдарында болған. ҚР ҰКП-ға тағайындалғанға дейін «KAZENERGY» Қауымдастығының атқарушы директоры болған.

Қазақ мұнай-газ саласы заңгерлері қауымдастығы Басқарма мүшесі, Төрешілердің Корольдық Институты, республикалық салық консультанттары палатасы, Қазақстандық тәуелсіз директорлар қауымдастығы Бақылау Кеңесі мүшесі болып табылады.

Азаматтық, салық, кәсіпкерлік құқық саласында бірқатар жарияланымдары бар, сонымен қатар адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияға ие. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

ҚР Премьер-Министрі, ҚР мемлекеттік табыс министрі, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасының құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталған.

Нұрлан Мұқаев ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасары лауазымынан босатылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер