astana-view

Салық салу мәселелері талқылануда

2015 жылғы 20 Қаңтар
3811 просмотров

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 қарашадағы бұйрығымен Қазақстан Республикасы салық заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша Жұмыс тобы құрылғанын хабарлайды.

Үстіміздегі жылдың 20 қаңтарға дейінгі күйі бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне шамамен 460 ұсыныс жолданған. Бұл ұсыныстар 7 блокқа бөлінген: 1) КТС, ЖТС, Әлеуметтік салық; 2) ҚҚС және ҚҚС қайтару; 3) АЭА; 4) Халықаралық салық салу және Кеден одағы; 5) Жергілікті салықтар; 6) Жер қойнауларын пайдалану; 7) басқалары.

Үстіміздегі жылдың 20 қаңтарында Жұмыс тобының бірінші отырысы өтіп, онда «Жер қойнауларын пайдалану» блогы бойынша ұсыныстар талқыға салынды.

Келесі блоктар мына кестеге сәйкес қаралатын болады:

  1. 27.01. – АЭА;
  2. 03.02. – Кеден одағы, Халықаралық салық салу;
  3. 10.02. – КТС, ЖТС, Әлеуметтік салық;
  4. 17.02. – Камералдық бақылау, тексерістер, әкімшілік ету;
  5. 24.02. – ҚҚС және ҚҚС қайтару;
  6. 03.03. – Жер, мүлік салығы және басқалары.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер