astana-view

Қазақстанда Ұлттық құрылысшылар қауымдастығы құрылмақшы

2015 жылғы 21 Қаңтар
5090 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ҰКП Төралқасы Құрылыс, құрылыс материалдары өндірісі және ТКШ комитетінің отырысы өтті. Талқылау қорытындысы бойынша салалық қоғамдастық өкілдері Қазақстанның Ұлттық құрылысшылар қауымдастығын құру туралы шешім қабылдады.

Комитет отырысына Қазақстанның Салушылар қауымдастығы, Қазақстанның Жобалаушылар қауымдастығы, Қазақстанның Инженерлер қауымдастығы, Қазақстанның Құрылысшылар қауымдастығы, Қазақстанның Қала салушылар одағы, Республикалық инженер-сметашылар одағы, Қазақстанның Дизайнерлер одағы, Қазақстандық Құрылыс материалдары өнеркәсібі қауымдастығы және т.б. сияқты құрылыс саласы кәсіпорындарының бірлестіктері мен құрылыс компаниялары қатысты.

Құрылмақшы болып отырған Қазақстанның Ұлттық құрылысшылар қауымдастығы (бұдан әрі – Қауымдастық) еліміздің күллі салалаық қоғамдастығын республикадағы құрылыс саласын дамыту бойынша біршама тиімді жұмыс жасау үшін шоғырландыруға арналған.

Қауымдастықтың негізгі міндеттері:

- саланың нормативтік-техникалық базасын жетілдіруге, қолжетімді тұрғын үй нарығын  қалыптастыруға және тұрғын үй құрылысы қарқынын аттыруға қатысу;

- отандық қаржы-кредит жүйесін, ипотекалық кредиттеу, құрылыс саласындағы сақтандыру қызметін дамыту;

- құрылыс саласында еңбек ететін ғалымдар мен мамандарды шоғырландыру, құрылыс кәсібінің беделін көтеру;

- ғылыми зерттеулер мен зерттемелер жүргізуге, ғылым мен техника жетістіктерін тәжірибеге енгізуге жәрдемдесу;

- құрылыс жоғары оқу орындарындағы, орта арнаулы оқу орындарындағы мамандарды даярлауды, құрылыс саласында еңбек ететін мамандар біліктілігін көтеруді жетілдіру;

- халықтың жұмыспен қамтылуы, еңбекті қорғау және оның жағдайын жақсарту мәселелерін шешу, құрылыс саласындағы еңбекақы үйлеспеушілігін төмендету.

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевпен жұмыс кездесуінде ол Қазақстанның Ұлттық құрылысшылар қауымдастығын құру қажеттігіне қолдау көрсетті. Ұлттық палата басшысы оның құрамына түйткілді мәселелерді шоғырландыра шешу үшін құрылыс саласындағы күшті компаниялардың, қауымдастықтардың, кәсіпқойлардың кіруі маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге бұл қауымдастықта елдің күллі өңірлерінде филиалдық желі болуға тиіс.

Жақын арада Қауымдастықтың құрылтай съезі өткізілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер