astana-view

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы интернет-пайдаланушылармен кездесті

2015 жылғы 21 Қаңтар
3794 просмотров

Кездесу 20 қаңтарда Алматыда, L.E.S. коворкинг-клубында бейресми жағдайда өтті. Қатысушылар саны жағынан қандай да бір шектеусіз шақыру Facebook-тегі ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының парақшасында күні бұрын жарияланған болатын (аудиториясы20 мыңнан астам адам). Осылайша, әрбір интернет-пайдаланушы ҚР ҰКП Басқарма Төрағасымен ашық әңгімелесу және кез-келген сауалды қою мүмкіндігіне ие болды.

Кездесуге Алматы, Астана мен Ақтаудан келген елуге жуық әлеуметтік желілер пайдаланушылары, блогерлер мен журналистер қатысты. Абылай Мырзахметовпен сұхбат екі сағаттан астам уақытқа созылды.

Арнаулы презентациялар мен баяндамалардан бас тартқан Ұлттық палата Басқарма Төрағасы сауалдарға жауап беруге дайын екендігін білдірді. Бірінші қойылған әрі өзекті сауалдардың бірі, күтілгендей, қаржы секторындағы ағымдағы жағдай туралы болды. Әсіресе 20 қаңтарда Kapital.kz-те жарық көрген Рахим Ошақбаевтың сұхбатына орай. Абылай Мырзахметов теңге бағамын ресей рублімен тарихи тепе-теңдікке келтіру қажеттігі немесе девальвация туралы пікірдің экономист ретіндегі Рахым Ошақбаевтың субъективті ойы екенін, ҚР ҰКП ұстанымы емес екенін баса айтты. 

«Біз отандық өндірушілердің ағымдағы жағдайы мәселелерін Үкіметпен ашық түрде талқыға саламыз. Экспортшылардың девальвацияны қолдайтыны түсінікті, олар бұдан пайда табады. Импортшылар, олар да баршылық, девальвацияны ұнатпайды. Және де ең бастысы: девальвациядан сатып алушылық қабілет тарылады да, бұл халықты шығынға ұшыратады. Дей тұрғанмен, Рахим Ошақбаевтың ресейлік өндірушілерінің бір сәтте бәсекелестік басымдылыққа ие болуы туралы сөзі – бұл шындық», - деді Абылай Мырзахметов. Мысалы, отандық ірі күркетауық өсіру, оны сою және етін өңдеу жөніндегі құс кешені «Ордабасы Құс» ЖШС «қоймаға жұмыс жасап жатқанына» екі ай болғаны жайлы ақпараттандырады. «Ол келісім-шартты рубльмен жасасқанмен, шығыны теңгемен болады. Рубльмен аз алады да, ал мұндағы шығыны сол күйінше қала береді. Әрине, ол енді бәсекеге қабілетті емес. Және де бұл түйткілге көз жұма қарауға болмайды, дейді Рахим Ошақбаев ашық түрде», - деп бөлісті осы жылдың ақпан-наурыз айларында бірқатар отандық өндірістердің қысқаруын жоққа шығармаған ҰКП Басқарма Төрағасы.  

Ұлттық палата отандық өндірушілерді қорғау үшін мемлекеттік субсидияларды әрекеттегі кәсіпорындарды, ең алдымен ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінде жұмыс жасайтындарды қолдауға бағыттауды ұсынады. ҚР ҰКП отандық экономиканың импортқа тәуелділігін төмендету үшін, ең алдымен азық-түлік себеті тізбесіне кіретін тауар жайғасымдары бойынша, өнеркәсіпті дамытудың қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалары аясында кешенді импорттың орнын толтыру жөніндегі жоспар даярлап, енгізудің уақыты келді деп санайды. Сонымен қатар Абылай Мырзахметов ЕАЭО туралы Шартпен ішкі нарықты қорғау мақсатында –сауда шектеулері енгізілуі де мүмкін екенін еске салып кетті.

ҚР ҰКП-ға төленетін міндетті мүшелік жарна мәселесі де назардан тыс қалмады. Кездесуде бүгінде төлеушілер кәсіпкерлік субъектілерінің шамамен 2%-ы – орта және ірі бизнес өкілдері болып табылатыны кезекті рет баса айтылды. Олар үшін қазірде әрекет етіп тұрған мөлшерлеме – сәйкесінше 296 320 және 8 148 800 теңгеден. Алайда оның мөлшері мен төлеу тәртібі 27 қаңтарда өтетін ҚР ҰКП Съезі қорытындысы бойынша өзгертілмекші. Абылай Мырзахметов ендігі жерде кәсіпкерлердің бұл мәселелерді өз бетінше шеше алатындығын еске салып кетті. Мұндай өкілеттік кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту туралы заңға түзетулермен Съезге берілді. Үкіметтің жарнаның шекті мөлшерін белгілегенін атап өту керек.

Кездесуге қатысушылардың бірі атап өткендей, «ҰКП-ға жарна – бұл 900% бағалы қағаз сияқты». Жыл бойы жаңалықтарды қадағалап жүрген Facebook пайдаланушысының бағалауы бойынша, Ұлттық палата қызметінен экономикалық әсер жарна сомасынан жүзедеген есе артық. 

Ұлттық палата сарапшылары бизнесті қорғау желісі бойынша ғана бір жыл ішінде 8,4 миллиард теңге сомасындағы айыппұлдардың, өсімпұлдардың күшін жойып, кәсіпкерлердің тәркіленген мүлкін қайтарған. Бизнес мүддесін қозғайтын, соның ішінде кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту туралы заңдарға ҚР ҰКП арқасында енгізілген өзгертулер мен толықтырулардан болған жағымды әсерді ондаған миллиардап бағалауға болады. Сонымен, бизнесмендер көптеген процедураларды, соның ішінде әсіресе жер қатынастары саласындағы процедураларды жеңілдету салдарынан жедел және жыл сайынғы маңызды қаржы жүктемесінен арылды. Ұлттық палата өз қызметін жалғастырып, бизнестің жүйелі түйткілдерін шешіп жүргенін атап өту керек. ҰКП ұстанымдары, барлық ықтимал салалардағы оларды қорғап қалу барысы және жетістіктер туралы ақпарат Ұлттық палата және БАҚ сайтында тұрақты түрде жарияланып тұрады. Мысалдардың бірі –  фармацевтика саласынан: 300 миллионнан астам  доллар – фармацевтика индустриясына тартылған сақталған тікелей инвестициялар сомасы. «СК-Фармация» ЖШС-ның отандық өндірушілермен ұзақ мерзімдік келісім-шарттарды бұзуы олардың жылыстау қаупін туғызған еді. Жеке тақырып – бизнесті тексеру жүйесіндегі көлемді жағымды өзгерістер

«Мен әр сейсенбі сайын Үкіметке барып тұрамын, вице-премьермен күн сайын байланыстамын, айына бір рет - премьермен, күн сайын - министрлермен. Биыл талдамалық жұмысты күшейтіп, салмақты зерттеулер жүргізгіміз келеді. Пассионарлық адамдар бар екенін көріп отырмын, оларға алаң бергіміз келеді. Шенеуніктер заңдар, құжаттар жасайды, бірақ олар тек халықаралық сарапшылармен кеңеседі, ал бұл көлемді дүниелер бізден алшақта жатыр. Талдамалық жұмысты жөнге саламыз және алғашқы Ұлттық баяндаманы, әкімдер рейтингін даярлаймыз, ол жариялы түрде болады. Бұл билік әрекетіне деген өзінше бір қоғамдық пікір болмақшы», – деп бөлісті ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы интернет-пайдаланушылармен оффлайн тәртібіндегі бейресми кездесу барысында.

Абылай Мырзахметов пен кездесуге қатысушылардың толық мәтіндік түсіндірмесі, сонымен қатар бейненұсқа жақын күндері жарияланады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер