astana-view

Импорттық құрамы бар мемлекеттік сатып алулар бойынша жұмыс істейтін компаниялар үшін өтемақы қарастыру қажет – А.Мырзахметов

2014 жылғы 15 Ақпан
6595 просмотров

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Қазақстанда импорттық құрамы бар мемлекеттік сатып алулар бойынша жұмыс істейтін компаниялар үшін өтемақы қарастыру қажет екендігін атап өтті.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Қазақстанда импорттық құрамы бар мемлекеттік сатып алулар бойынша жұмыс істейтін компаниялар үшін өтемақы қарастыру қажет екендігін атап өтті. «Мемлекеттік сатып алулар желісіндегі келісім-шарттар бойынша қиындықтар туындауы мүмкін. Егер оларда да импорттық құрам болар болса оларды да қарастыру керек. Кейбір компаниялар бізге хабарласып та жатыр. Қазіргі уақытта біздің тарапымыздар талдау жұмыстары жүргізілуде, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында оларды сақтап қалу, не болмаса өтемақы қарастыру бойынша сатып алулар әкімгерлерімен келіссөздер жүргізілетін болады», - деді Абылай Мырзахметов. Бұл ретте ҰКП басшысы импортық құрамды инвестициялық жобаларды жүзеге асырушы кәсіпорындарға қолдау көрсетуді әзірлеу қажет екендігін де айтты. «Әрине, импорттық құрамы бар инвестициялық жобаларды жүзеге асырушы шағын және орта бизнесте жабдықтар мен жинақтаулар бойынша қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл жерде ол мәселелерді қарау керек», - деді Абылай Мырзахметов. ҰКП басшысының айтуынша, ШОБ валюталық несиелерін қайта есептеу мәселесін қарастыру керек. «Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Ұлттық банк тарапынан теңге бағамының өзгертілуі тақырыбына аса назар аударды. Бизнеске қолдау көрсетіледі, әсіресе жаңа өндірісті іске қосушы қайта өңдеуші өнеркәсіптерге қолдау көрсетілетінін атап өтеміз. Біз үшін басты ұстанымдар бойынша, әсіресе қайта өңдеу, тағам және жеңіл өнеркәсіптер бойынша импортты алмастыруды жүргізу аса маңызды», - деді А.Мырзахметов. ҰКП Басқарма Төрағасы Президент Үкіметте өткен кеңейтілген отырыста Ұлттық қордан 2014 және 2015 жылдары экономиканы несие ресурстармен қамтамасыз ету үшін оның қолдану бағыттарын айқындай отырып, 1 триллион теңге бөлуді тапсырғанын назарға салды. «Үкімет пен Ұлттық банкке апта соңына дейін осы қаражаттардың кәсіпкерлерге қалайша берілетіні, қандай жобаларға қолдау көрсетілетінін анықтап, олар бойынша нақты механизмдер енгізуді тапсырды. Бұл жұмысқа Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да белсенді атсалысатын болады», - деді А.Мырзахметов. ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ШОБ қолдаудың тиімді шараларын әзірлеуге және ұзақ мерзімді экономикалық өсудің алғышарттарын құруға аса көңіл қою керек деп санайды. ҰКП басшысының айтуынша, қазіргі уақытта басты өнімдер бойынша импортты алмастыруды жүргізу өте маңызды. «Бизнеске, әсіресе қайта өңдеу өнеркәсіптеріне қолдау көрсетіледі. Ұлттық қордан бөлінетін 1 триллион теңгеге жаңа өндірістер ашу жоспарлануда, басты өнімдер, әсіресе тағам және жеңіл өнеркәсіптері бойынша импортты алмастыруды жүргізу аса маңызды болып отыр. Арнайы комиссия бұл жұмысты қадағалайтын болады», - деді Абылай Мырзахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер