astana-view

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына әскери мүлік айналымының жекелеген мәселелері бойынша өзгертулер жобасы келіп түсті

2015 жылғы 22 Қаңтар
3757 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Әскери мүліктің жекелеген мәселелері» Үкіметтің 2001 жылғы 7 тамыздағы №1039 қаулысына өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы қарауға келді.

Дайындаушы – ҚР Қорғаныс министрлігі көзқарасы тұрғысынан бұл жобаны қабылдау арнайы мемлекеттік органдар мүлкін сатумен және тауарлар, жұмыстар мен қызметтер импортына байланысты түйткілдерді шешуге мүмкіндік береді.

Уәкілетті органға әскери және қосарлы нысанадағы өнімдер ғана емес, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар Қарулы күштері қажеттіліктері үшін шетелдік жеткізушілер көрсететін жұмыстар мен қызметтерді импорттауды жүзеге асыру құқығын беру көзделуде.

Мүдделі тұлғалардың қаулы жобасына өз ұсыныстары мен ескертулерін мына электронды мекен-жайға жолдауын сұраймыз:  a.zhumatayeva@palata.kz.

Қаулы жобасы материалдарымен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер