astana-view

ҰКП «KAZNEX Invest» агенттігінің 50% акциясын сенімділік басқаруға алады – А.Мырзахметов

2014 жылғы 15 Ақпан
8815 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «KAZNEX Invest» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің 50% акциясын сенімділік басқаруға алуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «KAZNEX Invest» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің 50% акциясын сенімділік басқаруға алуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. «Исекешев мырзамен өзара нақты келісім жасастық. Қазіргі уақытта «KAZNEX Invest» 50% акциясын сенімділік басқаруға алу, ИЖТМ бірлесіп менеджментті қалыптастыру және «KAZNEX Invest» жұмысын қайта қалыптастыру бойынша заңи рәсімдер жүргізілуде. Мемлекет басшысы қойған міндетті шешуге Үкіметте барлық ресурстар бар. Бұл жұмыс жүзеге асырылады», - деді Абылай Мырзахметов. Бұл ретте ҰКП басшысы ұлттық агенттіктің жұмысын қайта қалыптастыруға инвестициялар тарту саласындағы танымал сарапшы, Түркияның капитал салуға тарту және елді таныстыру жөніндегі агенттігінің басшысы Алпаслан Коркмаз арнайы шақыртылып отырғаны жайлы мәлімдеді. Коркмаз мырзаның осы бағыттағы қызметі барысында Түркияға әлемдік танымал бренд атанған 27 компания тартылып, бұл ретте Түркия аумағында өнеркәсіптер санын арттыруға және тікелей инвестициялар салуға басты көңіл бөлінген. Естеріңізге салсақ, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «KAZNEX Invest» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі ұлттық даму институттарының бірі болып табылады. Агенттік қазақстандық шикізаттық емес экспортты және экономиканың басымдық секторларына тікелей шетелдік инвестициялар тартуды ілгерлету және оларды дамыту үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау арқылы ұлттық экономиканың әртараптандырылуына жәрдемдесуге бағытталған. «KAZNEX INVEST» АҚ өз қызметін Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында жүргізеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер