astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Ұлттық Банкі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

2015 жылғы 23 Қаңтар
3146 просмотров

Құжатта аталып өткендей, тараптар Қазақстанның инвестициялық климатын жақсарту, қаржы секторының тұрақтылығы, отандық бизнес үшін қорландырудың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша сенімді механизмдер құру бойынша жұмысты жалғастыру туралы келісімге келді.

Ынтымақтастық сонымен қатар, әсіресе өңірлерде, қаржы қызметтерін, қаржы нарқын дамытуға, сонымен бірге жекешелендіру жүргізу жолымен, халықтың қаржылық сауаттылығын көтеруге, түйткілді қарызгерлер мен қаржы нарығының кәсіпқой қатысушыларын қоса, қаржы қызметтерін тұтынушылар арасында ашық сұхбат құруға бағытталатын болады. Тараптар өзара әрекеттестік бағыттарының тізбесі ашық және екі жақты келісім бойынша толықтырылуы мүмкін болады деп келісті. 

ҚР ҰКП және ҚР ҰБ арасындағы өзара әрекеттестік жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге бірлесе қатысу, сонымен қатар тараптар өкілдерінің бірлескен іс-шаралар мен жұмыс топтарына қатысуы формасында жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Корпоративтік басқару кодексінің, Кәсіпкерлерге арналған әдеп кодексінің жаңа редакцияда даярлау, сондай-ақ корпоративтік  басқару және кәсіпкерлер үшін бизнес жүргізудің ашықтығы мәселелері бойынша стандарттар мен түсіндірулер даярлау белгіленіп отыр.

«ҰКП міндеті бүгінде күрделі кезеңді бастан кешіп жатқан кәсіпорндарымызға жәрдем көрсету. Рубль девальвациясы отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігіне салмақты әсерін тигізуде. Біз Үкімет, қаржылық реттеуші және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнесті қолдау бойынша бірыңғай ұстанымда болу үшін, оларда тікелей әрі жанама механизмдердің тиімді тізбесі болуы үшін, Ұлттық банкпен сындарлы сұхбат құрып, жұмыс жасауға әзірміз. Осылайша күш біріктіргенде ғана ағымдағы сынақтарды жеңіп шығып, Елбасымыздың экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын іске асыра аламыз. ҰКП және Қазақстанның Қаржыгерлер қауымдастығы өз тарапынан қаржы секторының шоғырландырылған жайғасымын қамтамасыз етуге даяр», - деп атап өтті ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев.

ҚР ҰКП және ҚР ҰБ басшылығының стратегиялық мәселелерді талқылау үшін кездесуі  тоқсанына кем дегенде бір рет өткізіліп тұратын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер