astana-view

ҚР ҰКП және Алматы қаласының әкімдігі кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы келісімге келді

2015 жылғы 23 Қаңтар
3440 просмотров

Бүгін Алматы қаласында ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев пен Алматы қаласының Әкімі Ахметжан Есімов билік пен бизнес арасындағы сұхбат негізінде Алматы қаласында кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайды жақсарту мақсатында ынтымақтастық және келісілген әрекеттер туралы келісімге қол қойды. Тараптар кәсіпкерліктің ең өзекті түйткілдерін бірлесе қарап, бірлесе шешуді, отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін көтеру бойынша жүйелі шаралар дайындауды жоспарлап отыр.

«Былтырғы жылдан бері бизнестің негізгі бөлігі шоғырланған еліміздегі ең ірі мегаполис әкімдігімен сындарлы әрекеттестік орнатылған. Бұл кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, әкімшілік кедергілерді  төмендетуді қоса алғанда жалпы оларды қолдау мәселелеріне қатысты. Жеке заңгерлік және басқа да мүмкіндіктері жоқ кәсіпкерлер, әсіресе микро-бизнестің біздің көмегімізбен өз мүдделері мен құқықтарын қорғай алуы, ҰКП тұлғасындағы қолдауды сезініп, оның көмегіне сене алуы ерекше маңызды», – деді Ұлттық палата Төралқасы басшысы.

Тимур Құлыбаев бизнестің ең көп таралған түйткілдерінің үштігін атап өтті – олар қала құрылысы және жер қатынастары, сатып алулар және салық органдарының жұмысына байланысты. Өткен жылы осы түйткілдер бойынша 4 мыңнан астам шағым келіп түскен. Болашақта, ҰКП-ның түйткілдерді шешуге көмегі тиіп жүргеніне бизнесмендердің көзі шынымен жеткенде, мұндай шағымдар саны өсе түсуі мүмкін.

«Бүгінгі келісім бизнес пен оңтүстік астана билігі ынтымақтастығының шынайы тұғырнамасы болмақшы. Қазір әрекеттестіктің анық та түсінікті механизмдерін жасап шығудың маңызды зор. Съез қарсаңында Алматыда өңірлік кеңес өтті, ірі бизнес өкілдерімен кездесу өтті. Менің ойымша, айтарлықтай жемісті болды. Кәсіпкерлікті дамытудың негіз қалаушы бағыттары бойынша біз бір ұстанымдамыз. Отандық бизнес Ұлттық палата алдына биылғы жыл үшін нақты міндеттер беріп отыр, оларды орындаймыз», – деді Тимур Құлыбаев.

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы сонымен қатар 2015 жылы Ұлттық палата мен Алматы қаласы әкімдігі құрылымдарының кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелері бойынша жергілікті атқару органдарының жұмысына мониторинг және талдау жүргізетіндігін атап өтті. Сондай-ақ бүгінгі келісім мен Алматы қаласындағы бизнес-климатты жақсарту жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарында көрсетілген міндеттерді шешу тиімділігі бойынша өңірлік кеңестер мен өңірлік дирекциялар қызметіне бағалау енгізіледі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер