astana-view

Қазақстанда ЕАЭО Кеден кодексі Шарты жобасын мемлекетішілік келісу процедурасы басталды

2015 жылғы 27 Қаңтар
3783 просмотров

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 233 Шешімімен Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексі туралы Шартының жобасы мақұлданды. ЕАЭО мүше мемлекеттер 2015 жылғы 1 наурызға дейін жобаны мемлекетішілік келісу жүргізуі қажет. Осыған орай, 2015 жылғы 27 қаңтардан бастап ҚР Ұлттық экономика министрлігі алаңында келіп түскен ұсыныстар мен ескертулерді талқылау басталды.

Ұлттық экономика министрлігі отырыстарды 2015 жылғы 6 ақпанға дейін өткізуді жоспарлап отыр, ал 2015 жылғы 10 ақпанда мемлекеттік органдар және бизнес-қауымдастықтар басшыларының қатысуымен ЕАЭО КК Шарты жобасы бойынша келіспеушіліктер бойынша жиналыс өтеді.

ЕАЭО Кеден кодексі жобасының маңыздылығын, бизнес-қоғамдастық ұсынатын түзетулер санын, сонымен қатар МІК процедурасын өткізуге арналған ЕЭК Шешімімен белгіленген мерзімдерді ескере отырып, Ұлттық палата ЕАЭО Кеден кодексі туралы Шарт жобасын мемлекетішілік келісу мерзімін 2015 жылғы 27 ақпанға дейін ұзартуды өтініп, ҚР ұлттық экономика Вице-министрі Тимур Жақсылықовтың атына хат жолдады.

Қазақстандық іскер топтар өкілдері ЕАЭО КК туралы Шарт жобасы бойынша 151 түзету даярлады.

ҚР ҰКП бизнестің 73 өкілінен тұратын тізім жасады. Ұлттық палата ЕАЭО КК туралы Шарт жобасы бойынша отырыстарға тікелей қатысуға шақырады. ЕАЭО КК туалы Шарт – базалық құжат, оған сәйкес Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай кедендік реттеу жүзеге асырылатын болады.

Қазақстандық бизнес-қауымдастық әзірлеген ЕАЭО туралы Шарт жобасы бойынша түзетулермен мына жерде танысуға болады.

Ұлттық палатаның МІК мерзімін ұзарту туралы ҚР ҰЭМ атына жазған хатымен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер