astana-view

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Съезі өтті

2015 жылғы 27 Қаңтар
3987 просмотров

Бүгін, 2015 жылғы 27 қаңтарда, Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Съезі өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан делегаттарға арналған құттықтау сөзді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев оқыды.

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы екінші Съезінің алқа отырысы делегаттарына. 

Құрметті Съез делегаттары! Біздің елімізде 1 млн 200 мыңнан астам кәсіпорын мен жеке кәсіпкер жұмыс жасайды. Шағын және орта бизнес секторында 3 миллионға жуық адам еңбек етеді, республикамыздың әлеуметтік әл-ауқаты көбінесе осыларға тәуелді. Отандық нарықтық экономиканың негізі болып отырған кәсіпкерлікті дамыту Қазақстанның стратегиялық басымдылығы болып табылады, – деп Президент сөзін жеткізді Бақытжан Сағынтаев. – Еліміздің экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесі 2050 жылға қарай 50%-ға жетуге тиіс. Бұл мақсатқа бизнес орта мен мемлекет күшін бір жерге шоғырландырғанда ғана жете аларымыз анық. Соңғы жылдар бойында отандық кәсіпкерлікті кешенді түрде қолдауға, инвестициялар үшін жағымды климат жасауға бағытталған теңдессіз шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылды». 

Елбасының сөзінде айтылғандай, бүгінгі таңда Қазақстанда бизнес үшін бірегей жағдай жасалған, және де ендігі міндет қазіргі жағдайларда ерекше мәнге ие жеке меншік кәсіпкерлік бастамасын толыққанды ашуда болып отыр. 

«Бұл міндетті орындауда өткен жылы бизнес-қоғамдастықтың мүддесін білдіретін тұрақты тәуелсіз институт ретінде қалыптасқан Ұлттық кәсіпкерлер палатасы маңызды роль ойнауға тиіс. Бүгінде біз әлемдік экономикадағы күрделі жағдайға тап болып отырмыз, бұл жағдай ішкі нарыққа да әсерін тигізеді. Сонымен бірге, бұл жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы елдегі кәсіпкерлікті бұдан арғы дамытуға бағытталған тиімді шешімдерді әзірлеу процесіне белсенді түрде тартылған. Бұл әрекеттестіктің әлеуеті барлық қиындықтарды ойыдағыдай жеңіп шығатынымызға сенуге мүмкіндік береді. Съез Қазақстанның кәсіпкерлік ортасын жетілдіруге және дамытуға бағытталған дұрыс шешімдер табуға көмектесеріне сенімдімін», – деп Президент сөзін келтірді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.

Съез күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі бизнес субъектілері үшін міндетті мүшелік жарна (ММЖ) төлеу мөлшері мен тәртібін өзгерту болды. 2015 жылы «ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңға ҚР ҰКП Съезіне әрбір санат асты үшін ММЖ әрекеттегі санаттары мен мөлшерлері ішінде бизнес субъектілерінің қосымша саралануын белгілеу құқығын беру жөнінен түзетулер енгізілгенін естеріңізге сала кетейік.

Съез делегаттары ММЖ төлеушілердің бірінші санатында 6 санат астын және екіншісінде 4 санат астын орнату нұсқасы үшін дауыс берді. Санат астылар бойынша жарналардың ұсынылған саралануы олардың орта бизнес үшін ең төмен мөлшерін 50% (80 АЕК-тен, немесе 158 560 теңге) және ірі бизнес үшін 89% (505 АЕК-тен, немесе 1 000 910 теңге) төмендетеді. Келтірілген есептеулер кәсіпкерлердің өтініштерін, ММЖ түсімдерінің іс жүзіндегі көлемін және т.с.с. талдау нәтижесінде алынды. Сонымен қатар холдингтер үшін, олардың құрамына қарай, ММЖ төлеу бойынша қаржылық жүктеме 25% және 50% төмендетіледі. Сонымен қатар, қызметкерлерінің жартысынан көбін дене мүмкіндігі шектеулі жандар құрайтын ұйымдар ММЖ төлеуден толығымен босатылады.

Шағын бизнес, не болмаса Қазақстан кәсіпкерлік субъектілерінің 98%-ы қазірде жарна төлеуден босатылғанын естеріңізге сала кетейік.

Съез делегаттарының қарауына сонымен қатар ҰКП-ның бизнесті қолдаудың дағдарысқа қарсы шаралары бойынша ұсыныстары енгізілді. ҚР Үкіметі ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге 2015 жылға арналған Өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау шаралары бойынша жоспар әзірледі. Оған енгізілген іс-шаралардың көп бөлігі қазақстандық кәсіпорындарды тікелей қолдауға бағытталған: темір жол қызметтері мен электр энергиясы тарифтерін төмендету немесе сақтау, сонымен қатар мемлекеттік келісім-шарттар және қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету көмегімен өндіріс көлемін сақтау. ҚР ҰКП ұсынысы бойынша Жоспарға мынадай жүйелік шаралар енгізілді: бизнесті тексеру кезінде тәуекелдерді басқару жүйесіне көшу; Тапсырыстармен қамтамасыз ету орталығын құру және «Индустриялық сертификат» институтын енгізу мүмкіндігі; валюталық түсімі жоқ өндірушілер қарыздарын ұлттық валютаға айырбастау; т/ж торабы қызметтеріне тарифтерді, сондай-ақ электр жарығы мен тауарлы газ бағасын қызметті берушілер мен ірі бизнес субъектілерінің мүддесін ескере отырып өзгерту; т.б. Сонымен қатар ҚР ҰКП отандық өндірушілердің мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар сатып алуларына қатысуын кеңейту жөніндегі шаралар жасап шықты. Жедел шара ретінде НҚА және корпоративтік актілерге мына бағыттағы өзгертулер енгізу мүмкіндігін қарау ұсынылды: СТ-KZ сертификаттарын беру процедураларын жетілдіру; тапсырыс беруші және отандық өндіруші арасында тікелей келіссөздер үшін екі деңгейлі келісім-шарттар комиссиясын құру; ЖСҚ-ны құрылыс материалдары, жұмыстар мен қызметтердегі жергілікті мазмұн үлесін арттыру мәніне қайта қарау және басқалары. Сонымен қатар, ҰКП отандық өндірушілердің сатып алуларға қатысуына кедергі келтіретін түйткілдерді жоюға арналған жүйелік шаралар кешенін жасады. Сондай-ақ Ұлттық палата бизнеске қажетті мемлекеттік сатып алулар бойынша барлық ақпаратты жинақтайтын және өңдейтін «Нарық мониторингі және сараптау орталығы» талдамалық порталын құрды. ҚР ҰКП бұрындары ресейлік валютаның әлсіреуі салдарынан ішкі нарықты қорғау шаралары ретінде ЕАЭО туралы Шартпен жол берілетін уақытша сауда шектеулерін енгізуді ұсынғанын еске сала кетейік. 

Делегаттар сонымен қатар ҚР ҰКП атауын «Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» деп өзгертуге дауыс берді. Сонымен, құрылтайшы құжаттарға сәйкес өзгертулер енгізу күтілуде. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер