astana-view

Ауыл тұрғындарына кредит берудің «Жайлау» бағдарламасы мысалындағы балама түрлері

2015 жылғы 28 Қаңтар
8677 просмотров

Қаржы қаражатының, соның ішінде кредиттің қолжетімсіздігі ауылдағы негізгі түйткілдердің бірі болып табылады. Бұл өтімі жоғары кепілдік қамсыздандыру жоқтығына және жұмыссыздыққа байланысты болып отыр.

Осыған орай Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы АӨК Комитеті Хатшылығы «Жайлау» Дәстүрлі отарлы мал шаруашылығын дамыту бағдарламасына жан-жақты талдау жүргізді (негізінде, бұл ең төменгі табыс деңгейімен және инфрақұрылым құруға қосымша шығын талап етпейтін, ауыл халқына қолжетімді тауарлы кредит түрі).

Бағдарламаны жүзеге асырудың үлгілік сызбасын келтірелік: ол бес жылға есептелген және желісі жөнінен айтарлықтай қарапайым. Шаруалардың әрқайсысына 100 бас аналық қойдан және төрт асыл тұқымды қошқардан беріледі. Бағдарламаға қатысушылар малды негізгі қарызды төлеумен бес жылға лизингке алады. Мерзім аяқталғанда кәсіпкер 200 бас қойды қайтарады.

Бағдарламаны зерттеп шыққан соң ҰКП жергілікті атқарушы органдарға «Жайлау» бағдарламасын кең көлемде жүзеге асыру (тарату) мүмкіндігін қарауды ұсынды.

Ең алдымен, бұл оның қолжетімділігіне байланысты, атап айтқанда мына факторлар жағынан:

  • қаржылай қаражат жергілікті деңгейлерде қолжетімді;
  • кепілдік қамсыздандыру талап етілмейді;
  • ресімдеу үшін құжаттардың барынша аз топтамасы талап етіледі.

Бағдарламаны жүзеге асыру ауылдағы бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешеді:

  • отарлы мал шаруашылығын дамыту және тұқымдық түрленуді жақсарту;
  • мал басын арттыру және осының нәтижесі ретінде етті экспорттауды арттыру;
  • жұмыспен қамтуды ұлғайту, ауылдағы материалдық деңгей мен өмір сапасын жақсарту.

Бұл бағдарламаны жүзеге асыру отбасылық дәстүр ретінде шағын бизнесті дамытуға қатысты Елбасы алға қойған міндетке сәйкес келеді. Бір айта кететіні, Бағдарлама Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында 2009 жылдан бері табыспен жүзеге асырылуда. Оның үстіне, кәсіпкерлер бұл бағдарламаға қайта қатысуға даяр екендіктерін білдіруде.

Бүгінде ҚР ҰКП-ға бірқатар ОҚО кәсіпкерлері осы бағдарламаны Оңтүстік Қазақстан облысында отарлы мал шаруашылығын дамытуға сай келетін барлық өлшемдер бойынша жүзеге асыру мен таратуға жәрдем сұрап келді.   

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы АӨК Комитеті Хатшылығы өз құзыретінің шегінде бұл бағдарламаны кеңінен енгізуге күшін салмақшы және оның жай-күйі, даму келешегі жайлы ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне ақпарат беріп отыратын болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер