astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ЕАЭО сотында ҚР кәсіпкерлерінің мүддесін танытатын болады

2015 жылғы 29 Қаңтар
3263 просмотров

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) қызмет етіп жатыр. Онда құрылған органдар:

  1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес;
  2. Еуразиялық үкіметаралық кеңес;
  3. Еуразиялық экономикалық комиссия;
  4. Еуразиялық экономикалық одақ Соты (бұдан әрі – ЕАЭО Соты).

ЕАЭО Соты қызметінің мақсаты ЕАЭО Шарты ережелеріне сәйкес ЕАЭО мүше мемлекеттері мен органдарының Шартты, ЕАЭО аясындағы халықаралық шарттарды, ЕАЭО үшінші елдермен халықаралық шарттарын және ЕАЭО органдары шешімдерін біркелкі қолдануын қамтамасыз ету, сонымен қатар ЕАЭО мүше мемлекеттер шаруашылық етуші субъектілерінің өтініштерін қарау болып табылады.

Сонымен бірге ҚР ҰКП ЕАЭО Шарты нормаларымен сәйкес дауды қарау өтінішімен немесе түсіндіру туралы өтінішімен ЕАЭО мүше мемлекет атынан Сотқа жүгінуді тізбесін әрбір мүше мемлекет анықтайтын мүше мемлекет уәкілетті органдары мен ұйымдары жүзеге асыратынын хабарлайды (ЕАЭО туралы Шарт №2 Қосымшасы 49 тармағы).

Қазірде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының атынан ЕАЭО Сотына жүгіну құқығы бар мемлекеттік органдар белгіленетін акт жобасын әзірлеуде.

Осыған орай ҚР ҰКП Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік субъектілері атынан ЕАЭО Сотына жүгіну құқығы бар уәкілетті орган ретінде белгіленгенін атап өтеміз.

Бұл норманы ЕАЭО Шарты жобасын дайындау кезінде келіссөздер жүргізу процесінде бекіте алдық, бұл кәсіпкерлік сектор мүддесін қорғауда қосымша басымдылық береді.

ЕАЭО туралы Шарт №2 Қосымшасымен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер