astana-view

ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесі көлік саласының түйткілді мәселелерін талқыға салды

2015 жылғы 29 Қаңтар
3021 просмотров

Астанада Ғани Қасымовтың төрағалығымен ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысы өтті. Отырыс жұмысына ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Мейрамкүл Дүзбаева, көлік саласында жұмыс жасайтын кәсіпкерлер, Парламент депутаттары, Бас прокуратура, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Инвестициялар және даму министрлігі, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы  өкілдері қатысты.

Кеңес ҚР ҰКП салалық блоктарымен бірге салалық мәселелер жөніндегі отырыс өткізу практикасына кірісіп кетті. Бұл шешім Ұлттық палата Комитеттері жұмысын бизнесті қорғау жағынан күшейту мақсатында қабылданды. Бүгінгі отырыс көлік саласының түйткілді мәселелеріне арналды.

Қатысушылар Жамбыл облысы Луговой станциясында мұнай өнімдері тиелген цистерна-вагондардың ұзақ уақыт бойы тұрып қалуынан кейін қалыптасқан жағдайды талқыға салды. Кеңес экспедиторлық компаниялардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қолжетімді шаралар қабылдауға шешім қабылдады. Бұл компанияларға қатысты олар үшін шамадан тыс айыппұл салынған болатын.

Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау саласында әлеуметтік тұрғыдан маңызды бағыттармен байланысты тасымалдаушылар шығындарын субсидиялау тәртібі мен талаптарын белгілеу өзекті мәселе болып отыр. Кеңеске шығынға ұшыраған және мемлекеттік субсидия алу заңды құқығын қолдану мүмкіндігі жоқ кәсіпкерлерден өтініштер келіп жатады. Қазірде енгізілу мерзімі белгісіз болып отырған жаңа Субсидиялау ережесі дайындалды. Олар енгізілген соң өңірлік кәсіпкерлер палаталары оларды іс жүзінде жүзеге асыруды талдап, қажет болған жағдайда әлеуметтік маңызы бар бағыттарды жүзеге асыратын тасымалдаушылар құқығын қорғау бойынша шаралар қолданады.

Ғани Қасымов Кеңес пен ҚР ҰКП салалық блоктарының бірлескен жұмысы өзінше бір жәрдем боларына, және де бұл тұрғыдан келудің кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі жұмысқа қосымша серпін береріне сенім білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер