astana-view

ҰКП және Ауыл шаруашылық министрлігі арасындағы келісім АӨК өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік береді

2015 жылғы 03 Ақпан
3698 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі Өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл Келісім ауыл шаруашылықты дамытуға бағытталған алға қойылған міндеттер мен функцияларды жүзеге асыруда екі Тараптың да жұмылуы және күш салуы көмегімен кәсіпкерлікті бұдан әрі дамытуды көздейді.

ҚР ҰКП алаңында отырыстар, ауыл шаруаышылық саласының түйткілді мәселесі бойынша АӨК комитеті отырыстары бірнеше мәрте өткізіліп, онда ҚР ауыл шаруашылық министрі А. Мамытбеков тікелей қатысып тұрады. Бұл іс-шаралар агроөнеркәсіп кешенінің жүйелік мәселелерін, атап айтқанда, АӨК саласын мемлекеттік қолдау, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес кәсіпорындарының мәселелерін, нормативтік-құқықтық актілерді келісу және ауыл шаруашылық өндірушілерінің жекелеген жағдайларын шешуге мүмкіндік береді.

Бұл Келісімге қол қою болашақта Тараптардың әрқайсысының агроөнеркәсіп кешенін ынталандыру және дамыту бойынша мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Былтырғы жыл қорытындысы бойынша ҚР ҰКП және ҚР АШМ арасында шамамен 320 нормативтік-құқтық акт қарастырылып, 80-ге жуық отырыс пен жиналыс өткізілген. Осылайша, зор көлемді жұмыстар жүргізіліп, ҚР Үкіметінің шамамен 35 тапсырмасы бірге қаралған.

ҚР ҰКП ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің өзекті мәселелерін шешу бойынша Іс-шаралар жоспарын дайындады (жол картасы). Жол картасының бұл Жобасы мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын субсидиялау жүйесін жетілдіруге, инвестициялық жобаларды ретроспективті субсидиялау механизмін енгізуге, ауыл шаруашылығына кадрлар тарту үшін жағдай жасауға, АӨК реттеу және саладағы басқа да түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған. Қазірде Жол картасы жобасы ҚР Ұлттық экономика министрлігінде келісуде жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер