astana-view

Химия саласындағы келісім әлеуметтік әріптестіктің ықпалды механизміне айналады

2015 жылғы 05 Ақпан
3834 просмотров

2015 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігі мен Химия, мұнай-химия және өнеркәсіптің туыстас салалары жұмысшыларының салалық кәсіподағы 2015-2017 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Химия саласының салалық келісіміне қол қойды.

Салалық келісімге қол қою Қазақстан Республикасы Үкіметі, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және республикалық жұмысшылар мен жұмыс берушілердің бірлестіктері арасында былтырғы жылдың желтоқсан айында қол қойылған Бас келісімнің қисынды жалғасы болып отыр.

Салалық келісім мына салада әлеуметтік сұхбат жүргізу үшін негіз болады:

- жұмыс берушілер мен жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша және еңбек қатынастарын реттеу бойынша мүдделерінің теңгеріміне қол жеткізу бойынша;
- әлеуметтік-еңбек қақтығыстары мен ереуілдерді ескерту және болдырмау бойынша;
- саладағы еңбекті төлеу жүйесінің негізгі қағидаттарын келісу бойынша;

- біліктіліктің салалық аясын қалыптастыру бойынша, және басқалары.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз кезегінде лайықты еңбек жағдайын қамтамасыз ету, адами капиталды дамыту және әлеуметтік әріптестік мәселелерінде бірізді жұмыс жүргізеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер