astana-view

Рубльдің әлсіреуі Қазақстанда құрылыс құнын төмендетуге сеп болды

2015 жылғы 06 Ақпан
3290 просмотров

Ресейдегі рубль бағамының әлсіреуі Қазақстанға импортталатын құрылыс материалдары бағасын төмендетті. Бұл Қазақстандағы құрылыс пен тұрғын үй құнын төмендетуге сеп болды. Бейсенбі күні Астанада өткен журналистермен кездесуде бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасы құрылыс комитетінің төрағасы Александр Белович хабарлады.

«Рубль девальвациясы факторы Қазақстандағы құрылыс нарығына жағымды әсерін тигізуде. Біздің салушылар ресейлік арзан құрылыс материалдарын сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Осылайша, қазақстандық нарықта тұрғын үй құнын төмендету мүмкіндігі пайда болды», - деп сендірді Александр Белович.

Алайда ол қазақстандық тамақ өнімдерін өндірушілер, автодилерлер мен басқа да бизнестің рубль әлсіреуіне орай тиімсіз жағдайға тап болғанын атап өтті.

Сонымен бірге Александр Белович Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаевамен бірге Қазақстанның үкіметі келесі аптада отандық өндірушілерді қорғау жөніндегі бірқатар шаралар қолданады деп күтуде. «Біз, үкіметке беру үшін, түйткілдің сипатын көрсету үшін, кәсіпкерлер өтініштерін жинаймыз», - деп хабарлады Юлия Якупбаева.

 

LS мақаласына аударма жасалған

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер