astana-view

Мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыруға жаңа тұрғыдан келу жоспарлануда

2015 жылғы 06 Ақпан
4059 просмотров

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына сәйкес«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» ҚР Заңына жоспарлы тексерістерді тоқтату және жүйе енгізу жағынан айтарлықтай өзгертулер енгізілді. Олар тексерістің үш түрінен тұратыны белгілі: тексеріс жүргізудің ерекше тәртібі, таңдамалы, жоспардан тыс.

Ерекше тәртіп бойынш тексерістер мен таңдамалы тексерістер тәуекелдерді бағалау негізінде жүргізілетін болады. 

Жаңа ұстанымға сәйкес, мемлекеттік орган (инспектор) бұзушылық жасау ықтималдығын бағалау үшін кәсіпкер туралы қолында бар барлық ақпаратқа жан-жақты талдау жасауға міндетті, және де осының нәтижесінде кәсіпкерді тексеріс түріндегі жоғары бақылау талап ететін санатқа немесе жай ғана мониторинг жүргізу немесе заңнаманы сақтау қажеттігі туралы хабарлама да жеткілікті болатындар қатарына жатқызады.

Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге Мемлекеттік органдардың тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесін жасап шықты. Бұл әдістеме ерекше тәртіп бойынша тексеріс жүргізу және таңдамалы тексерістер жүргізу мақсатында тексерілетін субъектілерді (нысандарды) іріктеу үшін реттеуші мемлекеттік органдардың өздерінің жеке Тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін дайындауына арналған.

Реттеуші мемлекеттік орган мониторинг немесе талдау жолымен «бұзушыларды» анықтайтын және осыдан соң ғана тексерісті іске асыратын таңдамалы тексерістер кезінде іріктеу тәртібін белгілеу осы әдістемедегі негізгі жаңалық болып отыр. Бұл заңды ұстанатын кәсіпкерлер жүктемесін төмендетеді.

Сонымен қатар, тексеріс парағаның бірыңғай формасы мен міндетті ведомстволық есептілікті енгізу ұсынылуда.

Қазірде Әдістеме мемлекеттік органдармен келісу кезеңінде жатыр. Әдістеме бойынша ұсыныстарды Қоғамдық мониторинг департаментінің атына жолдауға болады (жауапты орындаушы Әмірғалина Әсел, a.amirgalina@palata.kz, 8 (7172) 919 349).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер