astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ішкі нарықты қорғау құралдарын іздестіруде

2015 жылғы 09 Ақпан
4038 просмотров

Мәскеуде өткен аптадан бері девальвация салдарынан қатты арзандап кеткен және Қазақстан нарығына қауіп төндіріп тұрған бірқатар ресейлік тауарларды әкелуге уақытша шектеу бойынша келіссөздер мен консультациялар жүргізіліп жатқаны белгілі. «Тыйым салу туралы шешім әлі қабылданған жоқ – Бұл Үкімет құзыретінде», - деген түсінік беріп кетті ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Рахим Ошақбаев. Алайда Палата отандық экономиканың ерекше сезімтал салаларын қорғау бойынша ұсыныстар енгізіп қойды. 

Рахим Ошақбаевтың сөзіне сүйенсек, «Кеден одағының базалық қағидаттарына және тауардың еркін жылжуына жалпы қайшы келетін болғандықтан, сауда шектеулерін енгізуден еш жақсылық күтуге болмайтыны рас. Бірақ жағдайдың әдеттен тыс ерекше болуына орай, және де Қазақстанның Президент Жолдауына сәйкес экономикалық прагматизм жолымен келе жатқандығына сәйкес, шешім қабылдауда біз экономикалық мақсатқа лайықтылық және әрекетіміздің орынды болуын ғана басшылыққа алуымыз қажет. Яғни қазір қазақстандық өнеркәсіп салаларына айқын залалды көріп отырмыз және «Бизнестің жол картасы», «Агробизнес-2020» аясында индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылған біздің алдыңғы қатарлы кәсіпорындар, негізінде, салмақты зардап шегуде, кейбірі жабылу шегінде тұр. Сондықтан да, менің ойымша, Үкіметтің жауап қатпауы мүмкін емес және келіссөздерден қандай да бір нәтиже шығарына сеніп отырмыз».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер