astana-view

Денсаулық саласындағы отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетілетін болады

2015 жылғы 09 Ақпан
3505 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум жасаса отырып осындай шешімге келді.

Ынтымақтастықтың негізгі міндеттерінің бірі денсаулық сақтау, сонымен бірге халықаралық өнім сапасы стандарттарын енгізу және технологиялық процестер саласында бизнесті дамыту үшін жағымды жағдай жасау, нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында кәсіпкерлік субъектілері мүдделерін қозғаушы мәселелерді қарауда министрліктің консультативтік-кеңесу органдары құрамына қатысу болып табылады.

Меморандум сонымен қатар денсаулық сақтау саласында инвестициялық тартымдылық өсуін болжайды, заңнамалық нормаларды немесе құқықтық актілерді қолдану кезінде практикалық қызметте туындайтын түйткілді мәселелерді қарауда ұсыныстар мен келісілген шешімдер жасалатын болады. Сондай-ақ денсаулық сақтау мамандарын қайта даярлау және біліктілігін көтеру мәселелері бойынша ынтымақтастық та көзделген. Бұл келісімдегі тармақтардың бірінде медицина саласында жұмыс жасайтын тауар өндірушілерді қолдау да айтылған.

Сонымен қатар бағдарламалық құжаттарды талқылау мақсатында министрлік ұйымдастыратын отырыстарға, жұмыс топтарына, семинарларға қатысу сияқты өзге де мәселелердегі ынтымақтастық көзделіп отыр.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі ҰКП өкілдерін тұжырымдамалар, заң жобаларын, заң асты нормативтік-құқықтық актілерін дайындау жөніндегі ККО құрамына енгізу мүмкіндігін қарастыруда.

Меморандум аясында денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық, мемлекеттік орган деңгейінде өткізілетін іс-шараларға белсенді тарту көзделген.

Меморандумның толық мазмұнымен мына жерде танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер