astana-view

Қазақстандық өнімді сатып ал!

2015 жылғы 09 Ақпан
4186 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық компанияларды салаішілік қауымдасуға шақырады. Отандық бизнес осылайша бір-бірінен материалдар мен қызметтер сатып ала отырып, кезекті дағдарыстан ауыртпалықсыз өте алады. Қазіргі жағдайда қысқа мерзімдік табысты емес, мемлекет мүддесін басшылыққа алу қажет, оның үстіне көптеген компаниялар субсидиялар алады және көлемді мемлекеттік бағдарламаға қатысушы болып табылады. 

Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитеті Хатшылығының басшысы Евгений Больгерттің айтуынша, қазір негізгі міндет отандық компаниялар өндірісі төмендеуін болдырмау, және де сәйкесінше жұмыс орындарының қысқаруына да жол бермеу. Мысалы, бір ғана металлургия саласында шамамен 350 мың адам жұмыс жасайды. Бүгінде ірі кәсіпорындар жағдайы оңай болмай отыр. ҰКП жедел штабына жолданған жүгінімдерде бизнесмендер шығарылатын өнімге деген бағадағы РФ-мен арадағы үлкен айырмашылық жайлы хабарлайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер