astana-view

Бәсекелестікке ұмтылу

2015 жылғы 11 Ақпан
3881 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық компанияларды шығындарын азайтып, бәсекеге қабілеттілікті көтеруге шақырады.

Бүгін Елбасының қатысуымен өткен үкіметтің экономикалық ахуал жөніндегі кеңейтілген отырысында кәсіпкерлікті қолдау мәселесі қаралды.

ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рахим Ошақбаев Президент сауалына жауап бере отырып, «бизнес үшін бар жағдай жасалған, реттеушілік орта қазірде ең аз дегенде ТМД бойынша бәсекеге қабілетті, қазір шығындарды төмендетіп, бәсекеге қабілеттілікті арттыру маңызды» екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев ҰКП-ға үкіметпен жұмысты белсендіруді тапсырды.

"Үкіметпен белсенді жұмыс жасауларыңызды айтқым келеді. Егер үкіметпен осының бәрін жөнге салатын болсаңыздар, онда болашақта кәсіпкерліктің мәселесі шешіледі. Берілгеннің бәрін пайдаланыңыздар. Біз сияқты бірде бір ел жағдай жасаған жоқ. Әрбір тиын, әрбір теңге пайдаланылсын, игілікке жұмсалсын. Бизнесмендермен әлі де кездесіп, жеке тілдесеміз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Президент Ресеймен шекаралас өңірлердің өнімдеріне жаңа өткізу нарығын іздестіру қажеттігін, бүгінгі таңда қалыптасқан ахуалдан қорытынды жасау керектігін баса айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер