astana-view

ЕАЭО аясында тауарларды таңбалау жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды

2015 жылғы 13 Ақпан
3344 просмотров

Жоба Еуразиялық Үкіметаралық кеңесте мақұлданды.  

Белгілі болғандай, Палата 2014 жылғы ақпан айынан бері осы мәселеге белсене қатысуда. ҚР бизнесінің тауарларды таңбалау бойынша пікірі ұлттық деңгейде де, ұлттықтың үстіндегі деңгейде де, жоғары келіссөздер деңгейінде талқыланды.

ҚР ҰКП алаңында жүргізіліп жатқан тауарларды таңбалау жүйесін құру жұмыстары бойынша ЕЭК және салалық бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің қатысуымен жиналыстар бірнеше мәрте өткізілді. Сонымен қатар ҚР бизнесінің белорустық делегациямен тауар өнімдерін таңбалау жүйесіндегі тәжірибе алмасу мәселесі бойынша кездесуі өтті. 

Палатаның күш салуы нәтижесінде КО және БЭК мемлекеттері Басшылары тауарларды таңбалаудың толыққанды жүйесін құрар алдында «пилоттық» жобаны жүзеге асыру қажеттігі туралы Шешім шықты.   

Еске сала кетейік, Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-да контрафактілі өніммен күрес мақсатында жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау жүйесін құруды ұсынған болатын. Сонымен бірге ЕЭК БР, РФ және ҚР таңбалаудағы тәжірибелерін ескерген жоқ. Сөйтіп, БР-да таңбалау жүйесі 2005 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі күнде тауарлардың шамамен 20 тобы таңбаланады. Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау тәжірибесі жоқ және қажетті нормативтік-құқықтық базасы да жоқ.

Сонымен қатар, тауарға салынатын базалық таңба ретінде ЕЭК RFID-белгіні ұсынды. Алайда бұл белгіні енгізу кезіндегі ЕАЭО мүше елдер үшін экономикалық есеп-қисаптар ұсынылмады. 

Осыған орай ҚР ҰКП 2015-2016 жылдары КО және БЭК мемлекет Басшыларының Шешіміне сәйкес тек «пилоттық» жобаны жүзеге асыруды ұсынды.

2015 жылғы 5 ақпанда Мәскеу қаласында өткен ЕАЭО мүше елдер вице-премьерлерінің деңгейіндегі ЕЭК Кеңесінде таңбалау жүйесін құрудың 3 нұсқасы қаралғанын ескерген жөн.

1 нұсқа. Таңбалау жөніндегі Келісімді қабылдаусыз ұлттық деңгейде «пилоттық» жобаны жүзеге асыру.

2 нұсқа. Комиссияның тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесі туралы технологиялық Келісімді ғана дайындауы.

3 нұсқа. «Пилоттық» жобаны жүзеге асыру туралы Келісім жобасын мақұлдау. 

Келіссөздер қорытындысы бойынша 2015-2016 жылдарда «пилоттық» жобаны жүзеге асыру туралы Палата ұсынған нұсқа қабылданды.

Сонымен қатар 6 ақпанда Үкімет Басшылары деңгейінде Үкіметаралық кеңесте 2015-2016 жылдарға арналған «пилоттық» жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылданды.

«2014 жылғы 10 қазандағы №88 Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес Шешімін және 2014 жылғы 28 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Шешімін жүзеге асыру туралы» 2015 жылғы 04 ақпандағы №1 ЕЭК Кеңесі Шешімімен мына жерде танысуға болады.

«Еуразиялық экономикалық кеңеске мүше мемлекеттер аумақтарында таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны қаржыландыруды қамтамасыз ету туралы» Үкіметаралық кеңес 2015 жылғы 06 ақпандағы №3 Шешімімен мына жерде танысуға болады


Еншілес ұйымдар

Серіктестер