astana-view

ҚР ҰКП жұртшылықпен байланыс жөніндегі ресми өкілі қызметіне Нұрбол Телегенов тағайындалды

2014 жылғы 19 Ақпан
10042 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен «Мәселелер тізілімі» бірегей онлайн жобасының презентациясында ҚР ҰКП жұртшылықпен байланыс жөніндегі ресми өкілі Нұрбол Телегенов таныстырылды.

Нұрбол Телегенов 1983 жылы дүниеге келген, қазақ, білімі жоғары, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде «заңгер» мамандығын тәмамдаған.

Еңбек қызметін «Отан» республикалық саяси партиясының Астана қаласындағы қалалық филиалында бастап, Астана қ. «Жас Отан» жастар қанатының басшысы, мекемесінің атқарушы директоры қызметін атқарған.

Жастар саясаты департаменті, Балалар құқығын қорғау жөніндегі комитеті, ҚР Білім және ғылым министрлігінің заң департаментінде, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметкерлерді басқару департаментінде қызмет еткен,  Маңғыстау облысының Ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары және бастығы қызметтерін атқарған.

Соңғы жұмыс орны – ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер