astana-view

ЕАЭО Кеден кодексі: бизнестен шоғырландырылған ұстаным күтілуде

2015 жылғы 16 Ақпан
4379 просмотров

ЕЭК, ҚР ҰЭМ, ҚР ҚМ МТД және Қазақстанның бизнес-қауымдастығы өкілдері қатысуымен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен «дөңгелек үстелде» Еуразиялық экономикалық одақтағы кеден заңнамасында жоспарланған өзгерістер мен ЕАЭО Кеден кодексі жобасының негізгі қосымшалары жайлы сөз болды.  

Атап айтқанда, ЕАЭО КК жобасына жалпы сипаттама және оның негізгі ережелері берілді (құрылымы; терминологиясы; кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттарды кодификаттау нәтижелері; тыйымдар мен шектеулерді реттеудегі, алдын-ала ақпараттандырудағы көңіл бөлінетін жерлерді өзгерту).

Кеден органдарына алдын ала ақпаратты ұсыну туралы да айтылды. Кеден операциялары мен оларды жасаушы тұлғалар туралы (жалпы сипаттама және кедендік декларациялау мен тауарларды шығаруға деген ұстанымдардағы өзгерістер), кеден процедуралары (жалпы сипаттама және негізгі қосымшалар), кеден процедуралары (кеден баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждарды төлету, ұстанымдардың өзгеру мәселелері) мәселелері талқыланды.

Тауарлар жіктелуі, олардың шығу тегі, тауарлардың кедендік құны (жалпы сипаттамасы және негізгі қосымшалар), кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақылық баждар (жалпы сипаттамасы және негізгі қосымшалар) мәселелері де талқылауға шығарылды.

Одақтың кедендік шекарасы арқылы халықаралық тасымалдау көлік құралдарының өту тәртібі және талаптары ерекшеліктері жайлы мәселе қозғалды.

«Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша мынадай нұсқаулықтар қабылданды.

Сонымен, ЕАЭО КК жобасын даярлау бойынша Сараптау тобының кезекті отырысында сәйкес процедураларда қайта өңдеу өнімдерін сәйкестендірудің бірыңғай ұстанымдарын дайындау бойынша мәселелерді талқылау ұсынылуда. Тағы бір ұсыныс – ЕЭК Кеңесінің қарауына тауарлардың кедендік құнының кейінге қалдырылған анықтамасын ұлттық деңгейге шығару туралы мәселені шығару, сондай-ақ қазақстандық тараптың ЖМК аясында ЕАЭО аумағында біркелкі қолдану мақсатында операцияларды күрделі жөндеуге және жетілдіруге жатқызу өлшемдерін дайындауы және енгізуі.

Кедендік заңнама және құқық қолдану тәжірибесі департаментіне тарифсіз реттеу шаралары қолданылатын тауарларды әкелу туралы ережені бекіту туралы, кеден органдарының оларды сақтау және жекелеген кедендік процедураларға тауарларды орналастыру кезінде сәйкес құжаттарды ұсынуды растау мәселелерінің ЕЭК шешімдерінде біршама анық көрінуі қажеттігіне байланысты ЕЭК Тарифтік және тарифсіз реттеу департаментімен консультациялар жүргізу тапсырылды. Бұл ережелерде кедендік тауарлар операцияларының қандай түрін жүргізу кезінде және олардың қандай кедендік процедураға орналастырылуы кезінде тарифсіз реттеу шаралары сақталуын растайтын құжаттардың кеден органдарына ұсынылуға тиістігі анық көрсетілуі қажет.

Қазақстандық бизнес-қоғамдастық өкілдері Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексі туралы Шарт жобасын (бұжан әрі – ЕАЭО КК туралы Шарт жобасы) мемлекетішілік келісу жүргізу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ұстанымын қалыптастыру үшін нақты мәлімденгені үшін жауапкершілік көзделетін тауарларға декларацияларда көрсетуге жататын мәліметтер, негізгі мәліметтерге, және де нақты мәлімденбегені үшін декларант жауапкершілікте болмайтын, тауарларға декларацияларда мәлімденуге тиіс қосымша мәліметтерге бөліну туралы ұсыныстарды даярлап, ұсынуы қажет.

ЕАЭО КК туралы Шарт жобасын мемлекетішілік келісу қорытындысы бойынша жүргізілетін жобаны түзеу кезінде ЕАЭО КК жобасы «Тауарлар жіктелуі» 20 бабына кеден органдарына Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар туралы алдын ала ақпаратты ұсыну кезінде тауарларды жіктеу туралы ережені қосу қажеттігін қайтадан талқылау тапсырылды.

ЕАЭО туралы Шарт жобасын мемлекетішілік келісу қорытындысы бойынша жүргізілетін жобаны түзеу кезінде ЕАЭО КК жобасы 166 бабы 1 тармағының 3 тармақшасына, қайта өңдеу өнімдеріне қатысты, осындай тауарлар ішкі тұтыну үшін шығару кедендік процедурасына орналастырылғандай, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік процедурасына орналастырылатын Одақтың кедендік аумағына оларды әкелу кезінде ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік процедурасына орналастырылғандай, оларға қатысты есептелген әкелінетін кеден баждары сомасы  тауарларға қатысты есептелген әкелінетін кедендік баждар сомасынан кем болғанда ғана емес, егер бұл сомалар тең болса да, қайта өңдеу кедендік процедурасын қолдануға жол беретін норманы қосу туралы мәселені қосымша талқылау ұсынылды.

Сонымен қатар ЕАЭО туралы Шарт жобасын мемлекетішілік келісу қорытындысы бойынша жүргізілетін жобаны түзеу кезінде ЕАЭО КК жобасы «Тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылауды жүргізу ерекшеліктері» 319 бабы 1 тармағының редакциясын кедендік декларациялау кезінде кеден органына мәлімденген мәліметтерді растайтын құжаттарды декларант ұсынбаған жағдайда, оның қолында бар құжаттар негізінде кеден органдарының шешім қабылдауы жөнінен нақтылау тапсырылды.

Кедендік заңнама және құқық қолдану тәжірибесі департаментіне – ЕЭК Қаржы саясаты департаментін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шаруашылық етуші субъектілері арасында тауарларды сату кезінде ҚҚС төлеу мәселесіне байланысты Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы ішкі саудада тауарларды сату кезінде туған түйткіл туралы ақпараттандыру.

Қазақстандық тарапқа кеден органдарына ішкі нарықты қорғау шараларын ұстануды растау мақсатында қосымша құжат ретінде тауарлардың шығу тегі туралы сертификат сұрату құқығын беретін ЕАЭО КК туралы Шарт жобасының 29 және 326 баптарының нормаларын қосымша пысықтау, және де ЕАЭО туралы Шарт жобасын мемлекетішілік келісу нәтижелерін талқылау кезінде оларды түзеу бойынша ұсыныстар беру ұсынылды.

«Дөңгелек үстел» қатысушылары сондай-ақ жедел-жүктерді кедендік декларациялау, оларды кедендік бақылау, оларға қатысты кедендік төлемдерді жасау, оларға қатысты кедендік баждар, салықтар төлеуге жатпайтын жедел-жүктер (ЕАЭО КК жобасы 106, 203 баптары) құнының (кедендік құнының) көлемін белгілеу  тәртібін жетілдіруге бағытталған ЕЭК жоспарлаған шаралар туралы ақпаратты ескеруді ұсынады.

Сонымен қатар қазақстандық тараптың Қазақстан Республикасында салықтарды, сонымен бірге Одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты қосылған құн салығын төлету бойынша функцияның салық органдарына берілетіндігі туралы ақпаратын ескеру ұсынылуда. Осыған орай Қазақстан Республикасы ЕАЭО КК туралы Шарт жобасын мемлекетішілік келісу қорытындысы бойынша салықты есептеу, төлеу, төлету және қайтаруға қатысты ЕАЭО КК жобасының нормаларын өзгертуді ұсынбақшы.

Қазақстан Республикасына «Жер қойнауларын пайдалану саласында (отын-энергетикалық сектор) туындайтын құқықтық қатынастар бойынша өтпелі ережелер» 452 бабының нормаларын КОКК-да орнатылған 5 жыл мерзімді қолдану мүмкіндігі жағынан нақтылау бойынша ұсыныс даярлау, осы мерзім ішінде тауарлар шартты түрде шығарылған болып есептеледі, және де оларды ЕАЭО КК туралы Шарт жобасын мемлекетішілік келісу қорытындысы бойынша талқылауға ұсыну тапсырылды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар презентацияларымен мына жерде танысуға болады:

Кедендік процедуралар


Еншілес ұйымдар

Серіктестер