astana-view

«Мәселелер тізілімі» жобасы кәсіпкерліктің мәселелерін жүйелі түрде шешуге мүмкіндік жасайды – Г. Құрбанбаева

2014 жылғы 19 Ақпан
9298 просмотров

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева Ұлттық кәсіпкерлер палатасында бүгін көпшілікке таныстырылған «Мәселелер тізілімі» онлайн-жобасы кәсіпкерлердің мәселелерін жүйелі түрде шешуге мүмкіндік жасайды деп хабарлады.

«Ең бастысы, аталып отырған Тізілім мемлекеттік органдармен тиімді өзара әрекеттесу және кәсіпкерлер қызметінде туындаған мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік жасайды», - деді Гүлнар Құрбанбаева.

Аталған жоба Ұлттық кәсіпкерлер палатасының www.palata.kz жаңартылған сайтында іске қосылды.

ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева атап өткендей, Мәселелер тізілімі» елімізде кәсіпкерлер құқығын қорғау және қолдау көрсету мақсатында әзірленіп, өз алдына әр бизнесмен кәсіпкерлік қызметі барысында туындаған қиындықтар жайында хабарлама орналастыра алатын онлайн платформа болып табылады.

Кәсіпкерлерден келіп түскен өтініштер негізінде мәселелер құрылымдалып, ҚР ҰКП қызметі аясында кәсіпкерлерге тиісті көмек пен қолдау көрсетілетін болады. Әр өтініш мониторинг пен талдаудан өткізіліп, кейіннен жүйелі мәселелер бойынша заңнамалық деңгейде шешім қабылданатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер