astana-view

Қазақстандағы ішкі туризмді қалай жандандырамыз?

2015 жылғы 17 Ақпан
4856 просмотров

«Қазақстан Республикасы ішкі туризм ресурстары, әлеуеті мен оны дамыту жолдары» республикалық конференциясына қатысушылар осы сауалдың жауабын іздеуде. Конференцияны Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Жасыл экономика» және G-Global дамыту үшін коалициясымен, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда туристік саланы дамыту бірнеше себептер тұрғысынан маңызды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі Гүлнар Құрбанбаева өз сұхбатында атағандай, туризмнің дамуы мультипликативтік нәтижені қамтамасыз етеді. – Қонақ үй, сауда, қолөнер және басқа да бизнес түрлерін дамыту осы туризмнің дамуына тәуелді, - деп атады Гүлнар Төретайқызы. 

Гүлнар ханымның ойынша, бүгінгі конференция белгілі бір бастау, Қазақстандағы туризмнің дамуына деген жаңа ұстанымның, атап айтқанда, кірмелік туризмнің қалыптасуы ретінде бағаланады. Сұхбатқа қатысуға қазақстандық сарапшылармен бірге халықаралық сарапшылар, сондай-ақ туристік компаниялар, өңірлік әкімдіктер өкілдері шақырылды. Сонымен қатар, бүгінгі форум – бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастамалаған, «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатында сөз болған шағын және орта бизнесті дамытуды белсендіруге  Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қосып отырған кезекті бір үлесі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер