astana-view

Кезектен тыс президент сайлауы – қазіргі ахуалға барабар бастама

2015 жылғы 17 Ақпан
- Қостанай облысы
11987 просмотров

ҚР Еңбек ері, «Қарқын» ЖШС директоры, Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Сайран Бұқанов ҚХА мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы бастамасына қолдау көрсете отырып, осылай деді.  

«Әлемдік экономикада орын алып жатқан жағдайларды, оның еліміздің экономикасының қалай әсер етіп отырғанын көріп отырмыз. Дәл осындай сәтте барлығымыздың ауызбірлігіміз, болашаққа деген сеніміміз қажет. Менің пайымдауымша, бұл Елбасының басшылығымен ғана мүмкін болады. Президент бастамалаған «Нұрлы жол» дағдарысқа қарсы бағдарламасы бар, осыны іске асыруымыз қажет. Сондықтан да, сайлау өткізіп, одан әрі белгіленген бағытпен алаңсыз жылжи бергеніміз қисынды», -  деп атайды Қостанай облысы КП Өңірлік кеңесінің мүшесі.

ЖШС директорының айтуынша, ауылдықтар Нұрсұлтан Әбішұлының ауыл шаруашылықты дамытуды басты назардан ұстап отырғанын көре отырып, осы бағдарламаға үлкен үміт артады. Оған жақында ғана айтылған осы салаға қаржы құюды қысқартпау туралы тапсырма куә. «Күрделі экономикалық жағдайда – бұл ерекше маңызды», - деп түйіндеді Сайран Бұқанов.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер