astana-view

ҰКП туризм тақырыбындағы сұхбатқа шақырады

2015 жылғы 17 Ақпан
3471 просмотров

1,8 миллиард доллар. Қазақстандықтар Қазақстаннан тысқары жерлерге турлар сатып алуға осынша соманы жұмсапты. Ал Инвестициялар және даму министрлігі берген деректер бойынша, туған елімізде саяхаттауға отандастарымыздың осы долларға шаққандағы шығыны жүздеген миооионмен ғана есептеледі. Бұл статистикалық деректер бүгін «Қазақстан Республикасындағы ішкі туризм ресурстары, әлеуеті және даму жолдары» республикалық конференциясында жария болды. Елордалық «Mariott» қонақ үйінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Жасыл экономика» және G-Global даму үшін коалициясымен бірге шақыруымен, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы қолдауымен туристік саладағы отандық және шетелдік сарапшылар бас қосты. Бір ескере кететіні, ұйымдастырушылар сұхбатқа өз өңірінде туризм дамуына тікелей жетекшілік ететін облыстық әкімдіктер өкілдерін де шақырыпты.

Қазақстан аумағында әсем жерлер баршылық, алайда, кірмелік туризм жоғары табысты салаға айналмай отыр. – Кейбір шет елдер экономикасында туристік сала шетелге экспортталатын тауарлар мен қызметтер көлемі бойынша төртінші орын алады. Өкінішке орай, Қазақстанда әзірше туристік қызмет көлемі осындай жоғары орын алады деп айта алмаймыз, - деп атап кетті Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төраға орынбасары, басқарма мүшесі Гүлнар Құрбанбаева.

Дей тұрғанмен, Гүлнар ханымның пайымынша, ахуалдың уақыт өте келе жақсы жаққа өзгерерінен үміт бар.   

Қазақстан үкіметі және Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарапынан туристік әлеуетті дамыту үшін көңілдің көптеп бөлінуі де оптимизмді арттыра түседі. Шетелдік ұйымдар өкілдері мен сарапшылар өз сөздерінде, ең алдымен, осы факторларды көрсетеді. Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметі де туристік сала үшін айтарлықтай әсер береді. Палата бастамасы бойынша кәсіпкерлікті лицензиялау қысқартылуда, заңнамалық база жеңілдетілді, ескірген нормаларды өзгертулер және толықтырулармен нормативтік-құқықтық база да тұрақты түрде зерттеледі.

Қазақстандық туристік қауымдастық директоры Рашида Шайкенованың ойынша, қол жеткізген жерде тоқтап қалуға әлі ерте.

- Салықтық дәліздер қажет, туристік нысандарды салу үшін құны жоғары болмайтын жер қажет, барлық инженерлік коммуникацияларды тарту үшін мемлекеттің көмегі қажет, - деп атап өтті Рашида ханым.

Оның пікірінше, қонақ үй бизнесі өкілдері үшін «кедендік жеңілдіктер» қажет. – Қонақ үйлер мен отельдер үшін Қазақстанда жасалған жиһаз бен тоқыманы сатып ала алмаймыз, бұл тауарларды шетелден жеткіземіз, - деп атады Рашида Шайкенова.

Конференцияға қатысушылар жергілікті атқару органдарының туристік компаниялармен әрекеттестігіне үлкен көңіл бөлды. Бұл жағынан Астанада өтіп жатқан конференцияға келген өңірлер өкілдері оның ролі мен маңыздылығын жоғары бағалады.

- Мұндай конференциялар көп дүние бере алады, - деп баса айтты Жамбыл облысы әкімдігі кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы бастығының орынбасары Зинел Сұлтанбаев. – Тек бірлесе отырып, ортақ мақсатымызға жетіп, әлемге табиғи әрі туристік әлеуетімізді көрсете аламыз. Туризмде ұсақ-түйек жоқ.

Конференцияда туризм саласының дамуы үшін жауап беретін министрліктер мен ведомстволарға ұсыныстар қабылданды. Атап айтқанда, Инвестициялар және даму министрлігі, қалалар мен облыстар әкімдіктерінің конференцияны ұйымдастырушылармен біршама белсендірек ынтымақтастығы жайлы сөз болып отыр. Құжатта Қазақстанда экотуризмнің дамуына және қонақ үйлердің, мейрамханалардың және т.б. ерікті түрде экотаңбалану жүйесін енгізуге көп маңыз берілуде. Алдағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне тур-бағыттар дайындалып, ең үздік туристік бағытқа байқау жарияланбақшы.  

Нұсқаулық жобасын толығымен мына жерден жүктеуге болады.

Сонымен бірге, Қазақстанның «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы нұсқаулық жобасына кәсіпкерлердің өз ұсыныстарын енгізуін ұсынады. Сіздердің хаттарыңызды мына e-mail арқылы күтеміз: a.cheremissina@palata.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер