astana-view

ҰКП Үкіметке кәсіпорындар үшін тарифтерді 2014 жылғы деңгейде сақтауды ұсынуда

2015 жылғы 17 Ақпан
3244 просмотров

ОКҚ-да өткен брифингте ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов инфрақұрылымды қолдануға, атап айтқанда, электр желілерін, темір жолды, құбырларды қолдануға жеңілдіктер енгізіледі ме деген сауалға жауап бере отырып, осындай хабарлама жасады.

Төрағаның сөзіне сүйенсек, Ұлттық палата Үкіметке бизнесті қолдау шараларын ұсынған.

«Осы шаралардың бірі – тарифтер деңгейін ең болмаса 2014 жылғы деңгейде сақтап қалу. ШОБ бұл мәселені жиі көтереді. Біздің ойымызша, бизнестің ең салмақты шығындары биыл екі бағыт бойынша – электр энергиясы және көлік бойынша болады деп көзделуде. Бұл ұсыныс өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау жөніндегі үкіметтік қорытынды Жоспарға еніп отыр. Жекелеген қала құрушы ірі кәсіпорындар бойынша бізде нүктелік шарттар бар, онда қала түзу сипатын ескере отырып, біз қолдау өлшемдерін белгілейміз, біріншіден, бұл адамдардың жұмыспен қамтылуы, екіншіден, салықтар», - деп түсінік беріп кетті Абылай Мырзахметов.

ҰКП Басқарма басшысы сонымен қатар кейбір шағын қалалар үшін кәсіпорындардың қызмет етіп тұруының өмірлік маңызы бар болғандықтан, кәсіпорынның қала түзу сипатын ескеру қажет деп есептейді. Абылай Мырзахметовтың сөзінше, бұл компаниялардың қаржылық жүктемесін де ескерген дұрыс.

«Кәсіпорынға біз қолдау көрсетпейміз делік, алайда оның кредиттері бар, ол салықты төлемей, адамдарды жұмыстан шығарып қана қоймай, кредитті де қайтармайтын болып шығады. Банк зардап шегеді, банктің де ахуалы нашарлайды, яғни бұл осындай тізбек. Сондықтан да барлық өлшемдер бойынша қарау қажет», - деп түсіндірді ҰКП Басқарма басшысы. Оның айтуынша, осы жеңілдіктер көзделген шамамен 20 шақты кәсіпорынның тізімі жасалған.

Сонымен бірге Абылай Мырзахметов көлік кәсіпорындары жеңілдік ала отырып, өздеріне тасымалдау көлемін сақтау бойынша белгілі бір міндеттемелерді алуға тиіс екенін баса айтты. «Яғни егер біз қандай да бір жеңілдіктерге барар болсақ, онда жұмыс орындарын сақтап қана қоймайтынымызды түсінуге тиіспіз, ал темір жол немесе көлік компанияларының да жеңілдікпен болса да, белгілі бір табыс табуы қажет», - деп түсіндірді ол.

Қарлығаш Жүсіпбекова


Еншілес ұйымдар

Серіктестер