astana-view

ҚР ҰКП сайтына кәсіпкерлерден жыл басынан бері 1,5 мыңнан астам өтініш келіп түскен

2014 жылғы 19 Ақпан
8900 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында іске қосылған «Өтініштер тізілімі» онлайн-жобасының алғашқы 2 ай жұмысында шамамен 1 625 өтініштер қабылданған.

«Өтініштер тізілімі» - Ұлттық кәсіпкерлер палатасының www.palata.kz ресми сайтында кәсіпкерлерден келіп түскен өтініштер негізінде олардың мәселелерін тіркеп, жүйелі кемшіліктерді анықтап біріктіретін «Мәселелер тізілімі» бірегей онлайн-жобасының тарауы. 

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева атап өткендей, аталған жоба кәсіпкерлердің күрделі мәселелерін жүйелі түрде шешуге жағдай жасайтын бірден бір мүмкіндік.  

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында іске қосылған «Мәселелер тізілімі» жобасы әр бизнесменнің кәсіпкерлік қызметі барысында туындаған қиындықтар жайында хабарлама орналастыра алатын онлайн платформа болып табылатынын атап өткен жөн.

Одан кейін мәселе құрылымдалып, ҚР ҰКП қызметі аясында кәсіпкерлерге тиісті көмек пен қолдау көрсетілетін болады. Әр өтініш мониторинг пен талдаудан өткізіліп, кейіннен жүйелі мәселелер бойынша заңнамалық деңгейде шешім қабылданатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер