astana-view

Елімізде теңге өтімділігінің тапшылығы орын алуда

2015 жылғы 17 Ақпан
3474 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов ОКҚ-да өткен брифингте Ұлттық палатаның Үкіметке ұсыныс ретінде жеткізген алты бағытын жариялай отырып, осы мәселені мәлімдеді.

Басқарма басшысының ойынша, «ресейлік рубль құлдырауына орай бизнесті қорғау жөніндегі нүктелік шараларды қолдану бірінші нөмірлі мәселе болып табылады». Екіншіден, мемлекеттік сатып алуларда жергілікті мазмұнды барынша дамыту қажет. Үшінші – бұл электр энергиясы мен көлікке деген тарифтерді сақтау. Төртінші бағыт – бұл АӨК және тамақ өнеркәсібі, Абылай Мырзахметов хабарлағандай, олар бойынша, осы салалардың ерекшеліктерін ескере отырғанда, жеке бағдарлама болуға тиіс.

Ұлттық палата Басқарма Төрағасы қаржы қаражатының қол жетімділігін маңызды бағыттардың бірі деп санайды. «Бұл теңгелік өтімділік түйткілі. Бүгін «Время» басылымына жарияланған Келімбетов мырзаның эксклюзивті көлемді сұхбатын оқыдым. Қазір ойым пікірталас тудыру емес. Біз де қандай да бір ұстанымымызды жариялайтын шығармыз. Алайда онымен барлық жағдайда бірдей келісе алмаймын. Теңгелік өтімділік тапшылығы түйткілі бар, және де бұл ақпарат бізге жетіп жатыр. Бұл да бір зор, көзге ұрып тұрған тақырыптардың бірі», - деп мәлімдеді Абылай Мырзахметов. Оның айтуынша, қазір барлығы да девальвацияны күтіп отыр, банктерде теңге жоқ, олар желтоқсан айынан бері кредитті доллармен ұсынуда. ҰКП Басқарма басшысының ойынша, шағын және орта бизнестің валюталық ақшалай түсімі болмаса, кредитті доллармен алуға мүмкіндігі жоқ.

«Контрагенттер арасында төлемдер жоқ, ашық желілер игерілмеуде, жаңа жобалар жайлы сөз қылып отырған жоқпыз», - деп назаланды Ұлттық палата Басқарма Төрағасы. Ол сонымен қатар бұл мәселенің сарапшылық талқылауды қажет ететінін баса айтты. Төрағаның айтуынша, ҰКП қазірде осы түйткіл бойынша Ұлттық банкпен жұмыс жасауда.

«Дағдарысқа қарамастан, бизнес-ортаны жақсартумен айналысу қажет, кез-келген дағдарыс-сынақтарға жауап беру керек деп есептейміз. Бұл Елбасының нұсқауы. Барлық бағыттар бойынша бизнеске жасалатын әкімшілік кедергілерді төмендетуді жалғастыруымыз қажет. Алайда бизнес те қандай да бір міндеттерді өзіне алуға тиіс», - деп қорытты Абылай Мырзахметов.

Қарлығаш Жүсіпбекова


Еншілес ұйымдар

Серіктестер