astana-view

ҰКП аграрийлерді мемлекеттік қолдаудың төмендеуіне жол бермеуді сұрайды

2015 жылғы 18 Ақпан
3104 просмотров

«Агробизнес-2020» салалық бағдарламасы АӨК субъектілерін субсидиялаудың тиімді қаржылық құралдары мен механизмдерінен тұрады, алайда бұл бағдарлама толық көлемде қаржыландырылмаған.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысына сәйкес «Агробизнес-2020» бағдарламасы 2013-2015 жылдарда мәлімденген қаражаттан 250 млрд. теңгеден астам сомаға немесе 30% жеткілікті қаржыландырылмаған. Оның үстіне Қазақстанның АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау деңгейі жөнінен Ресей мен Белорусьтен айтарлықтай артта келеді және бұл фактор біздің кәсіпкерлерді тең емес бәсекелестік жағдайына қалдырып отыр.

ҚР Үкіметінің жақында өткен кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдаудың әрекеттегі деңгейін сақтап қалудың қажеттігін тағы да растай отырып, аграрлық секторды одан арғы субсидиялауды өсіру мәселесін қарауды тапсырды.

Алайда, алдын ала мәліметтер бойынша, Ауыл шаруашылық министрлігі даярлаған 2015 жылы АӨК субъектілеріне 40 млрд теңге сомасындағы қосымша субсидия бөлуге бюджеттік өтінім мәлімденген сомадан 50%-ға ғана мақұлдануы мүмкін. Бұл біздің аграрийлердің көптен күткен субсидияларды толық көлемде алмауына әкеліп, олар шығаратын өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Осыған орай Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Үкіметке қосымша мемлекеттік жүктемеге жол бермеу мүмкіндігін және АӨК отандық субъектілерін қолдау үшін бюджеттен 40 млрд теңге сомасында қаражат бөлінуін қамтамасыз етуді қарауды сұрап хат жолдады.

Сонымен қатар, ҰКП алаңында АӨК басымдылықты салаларында инвестициялық субсидиялау құралын енгізгенге дейін инвестициялық жобаларды жүзеге асырған инвесторларға «ретроспективтік» инвестициялық субсидиялауды төлеу мәселесі талқылануда. Өтініш білдіруші кәсіпкерлердің осы инвестициялық жобалары моральдық тұрғыдан да, техникалық тұрғыдан да ескірмеген және оларға да мемлекеттің қолдауы қажет, себебі АӨК саласындағы инвестициялық жобалар есесінің қайтуы ұзақ мерзім бойында жүреді. Кәсіпкерлер кредиттер алып, олар бойынша міндеттемелерін өз еріктерімен жапқан, негізгі қарызын төлеп отырған, жұмыс орындарын беріп, салықтарын төлеп жүр.

Осыған орай, ҰКП Премьер-министр Кәрім Мәсімовтың атына хат даярлады. Бұл хатта уәкілетті органдарға инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектілері өткерген шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау Ережесінің әрекеттегі редакциясына өзгертулер енгізу жолымен инвестициялық субсидияларды ретроспективтік төлеу бойынша түзетулер енгізуді тапсыру сұралады.

Ұлттық палата сонымен қатар бұрындары қаржыландырылған инвестициялық жобалар өндірістік қуаттылықтарының толық көлемде жүктелмегеніне назар аударуда. Кейбір инвестициялық жобалардың жүктелуі 50%-дан төмен мөлшерді құрайтын жағдайлар да кездеседі. Сәйкесінше, мұндай жағдайларда әрекеттегі кәсіпорындарды қолдаған, сонымен қатар кәсіпорындар қуаттылықтарының жүктелуін ұлғайтуды бөгеп тұрған түйткілдерді шешу үшін пайдаланылатын ретроспективтік субсидияларды төлеу жолымен олардың өндірістік қуаттылықтарын 100%-ға дейін қолдану бойынша шарттар жасаған тиімдірек. Осыған орай, егер бұрындары қаржыландырылғандар әлі де толық қуаттылығына шықпаған болса, жаңа инвестициялық жобаларды қаржыландырудың мақсатқа сәйкестілігін бағалау өзекті болып табылады, және де толығымен жүктелмеу түйткіліне ұшырасуы мүмкін жаңасын құру қажет пе деген сауалдар туындайды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер