astana-view

ҰКП әлеуметтік кәсіпкерлікті өркендетпекші

2015 жылғы 18 Ақпан
3266 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанынан «Әлеуметтік инновациялар» қоғамдық қоры құрылып, бүгін Астанада BG Kazakhstan қолдауымен қордың презентациясы өтті.

Қор ел халқының іскерлік белсенділігін көтеру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік жобаларды жүзеге асыру және қолдау мақсатында құрылып отыр.

Қазақстанның түрлі кәсіби топтарында әлеуметтік кәсіпкерлік тұжырымдамасының белсенді түрде талқыланып жатқанын атап өту керек. Жаһандық экономикалық сынақтар мемлекеттің әлеуметтік мәселелерді шешуге деген ұстанымдарын өзгертуіне әсер етеді.

Қазақстан Үкіметі жалпы кәсіпкерлікті дамытуды, жаңа технологиялар мен тұрақты бизнес үлгілер енгізуді экономиканың біртіндеп әлеуметтік секторға көшетін басымдылықты бағыттары ретінде қарастырады.

Халықты әлеуметтік қорғауды мемлекеттік қаржыландыру бағдарламалары, халықаралық донорлар қорлары, сондай-ақ ірі корпорациялардың әлеуметтік инвестициялары көбіне серіктестікте және ортақ күштер мен ресурстарды біріктіре отырып жүзеге асырылатын, ең тиімді, тұрақты және жүйелік әлеуметтік өзгерістерді іздеуге бағытталады.

«ҰКП-ға әлеуметтік кәсіпкерлердің қолдау сұрап келуі жиілеп барады. Алайда олардың түйткілдерін шешуге стихиялық тұрғыдан келу тиімді болып табылмайды. Және де әлеуметтік кәсіпкерлік мәселелерін жүйелік тұрғыдан шешу үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан «Әлеуметтік инновациялар» қоғамдық қорын құруға шешім қабылданды», - деп атап өтті ҚР ҰКП Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік қатынастар комитеті төрағасы Талғат Доскенов.

Кездесу барысында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, қоғамның негізгі топтары тарапынан әлеуметтік кәсіпкерлік табиғатын түсінбеу, әлеуметтік кәсіпкерлік идеясын өркендетудегі заңнамалық әрі әкімшілік қиындықтар жайлы, әлеуметтік кәсіпкерлік психологиясындағы қайшылықтар жайлы сөз болды.

Әлеуметтік және кәсіпкерлік бастаулар теңгерімі түйткілі жайлы айта келіп, кездесуге қатысушылар кәсіпкерлікті дамытудың алғашқы кезеңінде қаржылық қаражатты тартумен, арнайы кредиттік және қарыздық бағдарламалар жоқтығымен байланысты қиындықтар болатындығын атап өтті.

Қарлығаш Жүсіпбекова


Еншілес ұйымдар

Серіктестер