astana-view

Елдегі экономикалық ахуал 2015 жылдың соңына қарай жақсарады

2015 жылғы 19 Ақпан
3578 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, «Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС бас директоры Александр Кондратов осындай пікірді басшылыққа алады.

Әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан, «ПҚМЗ» ЖШС штаттық тәртіпте жұмыс жасауда. Кәсіпорын жыл басынан бері 200 миллион теңгеге өнім шығарған. ЖШС бас директоры Александр Кондратов зауыттың мұндай нәтижелерге көбінесе мемлекеттік қолдаудың арқасында қол жеткізе алғанын мойындайды.

Кәсіпкерлерге Нұрсұлтан Назарбаев тұлғасындағы уақыттың сынынан өткен, сенімді тірек қажет болғандықтан, ол кезектен тыс Президент сайлуын өткізудің маңыздылығы әрі уақытылылығы жайлы Қазақстан халықтары Ассамблеясы Кеңесінің бастамасын құлшыныспен қабылдады.

«Еліміз ТМД-да экономикалық дамуда көшбасшы боп танылды, біз әлемнің экономикасы дамыған 50 елінің қатарындамыз – осының барлығы Президентіміздің еңбегі. Қазақстан халқына биылғы жылғы "Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол" Жолдауына келер болсақ, онда қандай бағдарламалардың қолдау табатындығы, қайсыларын күте тұратындығымыз анық жазылған, дағдарысқа қарсы шаралар қабылданды. Және де мен екі жыл емес, 2015 жылдың соңына қарай еліміздегі экономикалық ахуалдың жақсы жаққа өзгеретіндігіне сенімдімін», - дейді Александр Кондратов.

Индустрияландыру картасының бірінші бесжылдығы аясында Петропавл құрылыс материалдары зауытында өндірісті толығымен жетілдіру жүргізілді. Зауытта шетелдік компанияның жаңа, заманауи жабдығы орнатылып, осының арқасында өнімділік пен өнім сапасы еселеп артты. Төрт инновациялық желіде 20-дан 1200 миллиметрге дейінгі полиэтилен құбырлары шығарылуда.

«Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС үстіміздегі жылы 2,7 млрд теңгеге шығарылған өнім көлемімен 2014 жылғы деңгейін ұстап қалуды жоспарлауда, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында 100 жеке тұрғын үй тұрғызбақшы. Олардың барлығы ПҚМЗ және «Единство» зауытының базасында былтыр іске қосылған үй құрылысы комбинатының материалдарынан салынады. Соңғысы Индустрияландыру картасының екінші бес жылдығына енген еді. Жоба құны - 1 млрд. 200 млн теңге.

«Егер бұрындары темір-бетон зауытында қалыптар санына қарай 6-10 жабын тақтасы жасалса, ал бүгінде сол ескірген технологиялардан кетіп, еуропалық деңгейге көштік. Жаңа инновациялық технологияларды енгізу тәулігіне 90 тақта шығаруға мүмкіндік береді. Жыл басынан бері зауытта 100 миллион теңгеден астам сомаға темір-бетон өнім шығарылған», - деп түйіндеді Александр Кондратов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер