astana-view

ҰКП кәсіпкерді банкроттықтан қорғап қалды

2015 жылғы 19 Ақпан
3263 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін таныту, қамтамасыз ету және қорғау бойынша жұмыстарын жоспарлы түрде жалғастыруда.

2014 жылғы желтоқсан айында ҚР Жоғарғы Соты «Дедов» ЖШС өндіретін және Қазақстанда ішкі тұтыну үшін шығаратын шұжық өнімдеріне қатысты «еркін қойма» кедендік тәртібін қолданудың негізділігін қолдаған еді.

Биылғы жылдың қаңтар айында Ұлттық кәсіпкерлер палатасына 2012 жылдың 1 қаңтарынан кейін тіркелген тағы да бір еркін қойма иесі жүгінді. «ФИРМА ИНКАС» ЖШС 88 млн теңгеден астам соманы төлеу жөніндегі кеден органдарының хабарламасына келіспеуде. Жоғары Сотта кәсіпкердің мүддесін ҰКП Кедендік әкімшілеу департаментінің сарапшылары қорғады.

Үстіміздегі жылдың 18 ақпанында Жоғарғы Соттың Қадағалаушы сот алқасы бұрындары шығарылған барлық сот шешімдерінің күшін жойып, кәсіпкердің әрекетін қолдайды.

«Инкас» ЖШС директоры Иван Пивоваров сот үкімі жарияланған соң өзінің қуанышын жасырған жоқ.

«Бүгінгі күнді компаниямыздың екінші рет туған күні деп батыл түрде айтуға болады. Біз екі жыл бойы түрлі сот сатыларында әділдік таба алмай сенделдік. Түйткілдің мәнісін, халықаралық заңнамадағы күрделі құқықтық қайшылықтарды ашып берген Жоғарғы Сот судьяларының принципшіл әрі білікті ұстанымының арқасында, біз бәсекелес өнім шығыра отырып, бұдан әрі де еркін қойма тәртібінде жұмыс жасай аламыз, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысында 150 жұмыс орнын сақтап қалатын болдық», - деді ол.

ЖШС директоры Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының қолдауын жеке атап өтті. Олар заңгерлік көмек қана көрсетіп қоймай, осындай күрделі жағдайға тап болған өндірістің түйткілін шешуге ат салысты. «Кейде моральдық қолдау мен кәсіби көмек те үлкен маңызға ие бола алады, оған өзімнің көзім жетіп отыр», - деп ескере кетті Иван Пивоваров.

«Еркін қойма» кедендік тәртібінің экономикалық мәнісі жеке өндірісті дамыту үшін, шикізатты қайта өңдеп, соңғы қазақстандық тауарды кейін оны еліміздің аумағында өткізумен алу үшін ынталандыратын жағдай жасауды білдіреді, - деп түсінік беріп кетті тікелей сот отырысына қатысқан ҰКП кедендік әкімшілеу департаментінің директоры Әлихан Мәмбеталин. Өкінішке орай, Еркін қойма туралы келісімнің құқықтық коллизиялары қате түсіндірілген және тәжірибеде іске асырылған. Мұндай механизмнің импорттың орнын ауыстыратын және экспортқа бағдарланған тауарларды кеңейту жөнінен бизнеске қосымша ынта беретініне көзіміз жетті».

2012 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген еркін қойма иелеріне қатысты кеден органдарының 1 млрд теңгеден астам соманы үстеп есептегенін еске саламыз.

Қазірде Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексі туралы Шарт жобасын мемлекетішілік келісу процедуралары аясында Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін барлық еркін қойма иелері мен еркін кедендік аймақ резиденттеріне тіркелу күніне қарамастан тең талап ұсыну туралы ұсынысты алға тартуда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер